Алматы облысынан – Ғалым ЖАЗЫЛБЕК: «Анаға құрмет» музейі жұмыс істейді

0
127

Қарасай ауданы Райымбек ауылының тұрғыны Бақыт Шпек­баеваның бастамасымен елімізде теңдесі жоқ «Анаға құрмет» музейі ашылып, жұмыс істей бастады. Ашылғанына бір жылдан енді ғана асқан музей өңірдегі танымал нысан­дардың біріне айналды.
Бүгінгі күні музейде 500-ден астам түрлі заттар, атап айтқанда, елімізге танымал әйелдерге қатысты түрлі мате­риалдар, құжаттар, фото­су­рет­тер, картиналар, тұрмыс­тық бұйымдар бар. Осы­лар­дың көпшілігі – облыс тұр­ғын­да­рының өз ниетімен музейге әкеліп тапсырған заттары. Музей жанынан қойылған «Анаға тағзым» ескерткіші, әсіресе, жас отау иелерінің не­
ке қияр сәтінде арнайы келер киелі орнына айналған.
Музей қызметкерлерінің ай­туынша, олар апа-әжеле­ріміз­дің өмір салты мен тарихы тура­лы айтып қана қоймай, отбасы құн­дылықтарына деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал жасауды мақсат етіп отыр.
Қос қабатты ғимараттың жал­­пы аумағы 750 шаршы метр­ді алып жатыр.

Жауап қалдыру