«Алаш туы астында» фильмінің арнайы көрсетілімі өтті

0
11

Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсыры­сымен түсірілген «Алаш туы ас­тында» деректі фильмінің арнайы көрсетілімі өтті.
Аталған деректі фильм Алашор­даның 100 жылдығына орай арна­йы түсірілген.
Фильмнің жұмыс тобы Алаш қай­рат­керлерінің ізімен Семейдің Алаш қаласы аталған аумағында, Мәс­кеудегі Кремль, Санкт-Петер­бургтегі Дума отырыстары өткен Тав­рия са­ра­йында, Смольный­да, Санкт-Петербург, Қазан универси­те­тінде, Уфа­дағы мемлекеттік мәжі­ліс өткен бұрынғы «Сібір» қонақ­үйін­де түсіру жұмыстарын жүргізген.
Деректі туынды «Оян, қазақ!», «Жа­­рия­ланбаған автономия» жә­не «Қа­тер­лі өткел» секілді үш бө­лім­­нен тұ­ра­ды.

Жауап қалдыру