Айман Мұсақожаева орденге ұсынылды

0
37

Айман Мұсақожаева Италия­дағы айтулы марапаттардың бі­ріне ұсынылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» .
«Қазақстанның халық әртісі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева Астанадағы Италия Елшілігінің ұсынысымен Италия президенті С.Матарелланың атынан «Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің иегері атанбақ. Аталған марапат Айман Мұсақожаева екі ел арасындағы мәдениет және білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайт­қаны үшін беріледі», – делінген хабарламада.
«Еңбегі үшін» ордені Италияда 1951 жылдан бері ең алғашқы ұлттық марапат болып саналады және Республика Президентінің қолы­мен тапсырылады.
Естеріңізге сала кетейік, «Еңбегі үшін» орденін Қазақстандағы Италия Республикасының Елшісі Стефано Раваньян тапсырмақ.

Жауап қалдыру