Абай тойы басталды

0
85

Шығыс Қазақстанда Ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойы салтанатты түрде басталды. Қазақтың бас ақынының тойы Семей қаласы мен ақынның туған жері Абай ауданында кеңінен аталып өтілмек.
Ұлы ақынның тойы 5-та­мызда Семей қаласында музы­калық кешпен ашылды. Шара­лар­ға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, ғалымдар, түр­кологтар, аудармашы­лар қа­тысуда.
Ал кеше ақынның өмірі мен шығармашылығының бей­мә­лім қырлары баяндалатын «Абай­дың ұлы жұмбағы» атты деректі фильмі ұсынылады. Ұлы ойшыл туралы рухани-ағартушылық бағыттағы интернет-энцик­ло­педия Президенттің бастамасы бойынша Елбасыға берілген «Жібек жолы» әлемдік сый­лы­ғының қаржысына түсірілді. Аталған фильмді шығыс өңі­рінің тумасы, мемлекеттік «Дарын» және «Серпер» сый­лықтарының лауреаты Ақбе­рен Елгезек «Tengri Films» кино­компаниясымен бірге тү­сірді. Тапсырыс беруші – мем­лекеттік тілді дамыту қоры.
Сонымен бірге Қазақстан қоғамын ұлы ойшыл мұра­лары­мен таныстыру мақса­тында «Абай және әлем өрке­ние­ті» атты халықаралық ғы­лыми-тәжірибелік конфе­рен­ция Шәкәрім атын­дағы Семей мемлекеттік универ­ситетінде өтеді. Бұл жиынға алыс және жақын шет ел­дер­ден, Қазақстаннан бел­гілі әдебиеттанушылар, тіл ма­­ман­­дары, Абай шығарма­ла­рын ау­дарушылар, мәдениет­тану­шы­лар, тарих­шылар, педа­гог­тар қатыс­пақ.

7 тамызда ақын мерей­то­йы Абай ауданында жалпы­халықтық мерекелеуге ұласады. Меймандар «Абай-Шәкәрім» мемо­риалды кешені, ақынның музей-үйі, «Еңлік-Кебек» маза­рын­да болып, аудандағы эт­ноауылды тамашалайды. Бұл күні сағат 10.30-да Қарауыл ауылында Мамай батыр ес­керткішінің ашылуы, 10.45-те «Қазақ күресінен» ел чем­пионаты, 11.00-де «Абай тойы — халық тойы» мерекелік іс-шарасы, 12.00-де «Жорға» жа­рысы өтпек.

Жауап қалдыру