Ақшаңызды, мүлкіңізді заңдастыруды ұмытпаңыз

0
18

Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, 2015 жылы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың мүліктерін жария етуіне рақымшылық жасау туралы» Заңы мүлікті жария етуге қатысты рәсімдерді іске асыру үшін жаңа бағыттарды анықтап берді.
Жария ету акциясының аяқталуы мен жалпыға бірдей декларация тапсыру үдерісі үйлестіріліп, рақымшылық жасау мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.
Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылы 1 қыркүйекте басталды және 2016 жылы 31 желтоқсанда аяқталады.
Мүлікті жария етуге ұсыну үшін құжаттарды мемлекеттік кірістер органдарына тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және жария ету мерзімі өткенге дейінгі 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталады.
Жария етуге мыналар жатады:
ақша;
бағалы қағаздар;
заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлесі;
басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі жылжымайтын мүлік.
Жария ету заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін мүлікті және ақшаны жария ету рәсімі мейлінше жеңілдетілді, мемлекеттік кірістер органының аймақтық бөлімшелерінде алдында құрылған комиссия қысқартылды.
Енді мүлікті жария ету (заңдастыру) үшін тұрғылықты мекен-жай бойынша мемлекеттік кірістер органына жария ету декларациясы мен ілеспе құжаттарын тапсырса, жеткілікті.
Мүлікті заңдастырғаны үшін алым:
* Екінші деңгейдегі банкке, Ұлттық пошта операторына ағымдағы шотқа ақшаны салмай (аудармай) жария етілетін ақша;
* Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлікті, эмитенттері басқа шет мемлекеттерде тіркелген құнды қағаздарды немесе басқа шет мемлекеттерде тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесі жария етілгенде
Алым 10 пайыз көлемінде,
* Екінші деңгейдегі банкке, Ұлттық пошта операторына ағымдағы шотқа ақшаны салмай (аудармай) жария етілетін ақшаның сомасынан,
* Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлікті жария еткенде арнайы декларацияда көрсетілген мүліктің, құнынан, эмитенттері басқа шет мемлекеттерде тіркелген құнды қағаздың құнынан, шет мемлекеттерде тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесінен төленеді.
Жоғарыда көрсетілген мүліктер мен ақшадан басқа мүлік және ақшаны жария еткенде алым төленбейді.
Сонымен қатар, жария ету заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, мүлікті жария ету субъектісі екінші деңгейдегі банкке, Ұлттық пошта операторына ағымдағы шотқа ақшаны салып (аударып), жария еткені үшін бұдан бұрын бюджетке төленген алымның сомасын қайтарып алуына құқылы.
* Ақшаны жария ету түбегейлі жеңілдетілді.
Енді ақшаны мынадай екі тәсілмен заңдастыруға болады:
Бірінші: Ақшаны жария ету мақсатында екінші деңгейдегі банкте, Ұлттық пошта операторында ағымдағы шотқа ақшаны салып (аударып) және ол ақшаны қалауынша өз қажеттіліктеріне пайдалануына, мысалы: бизнеске салуға, жылжымайтын мүлік сатып алуға, т.б. немесе есеп шоттан қолма-қол ақша қылып алуына болады. Осының бәрі 10 пайыз алым төленбей жасалады.
Екінші тәсіл: Шет мемлекеттердегі немесе қолма-қол айналымдағы, банкте жария ету мақсатынан басқа шотта орналастырылған ақшаларды заңдастыру, жариялы түрде, 10 пайыз алым төлеу арқылы жасалады.
Жоғарыда айтылған екі жағдайда да жария ету субъектісі мемлекеттік кірістер органына арнайы декларация тапсырады.
* Мүлікті жария ету айтарлықтай жеңілдетілді.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрған, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлікті заңдастырғанда жария ету декларациясы мен ілеспе құжаттардың тапсырса, жеткілікті. Сонымен қатар, шет мемлекеттердегі мүліктер де осылай заңдастырылады.
Жария ету субъектісі тек Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және бұрын заңдастырылмаған мүліктерді заңдастыру үшін жергілікті әкімшіліктердегі жария ету комиссиясына хабарласады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресімделмеген мүліктерді жария ету үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылы 1 қыркүйекте басталып, 2016 жылы 30қарашада аяқталады.

Жария ету субъектілеріне қосымша берілген кепілдіктер:
Мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылған құжаттардағы мәліметтер құпия болып саналады, салықтық, банктік және өзге де заңдармен қорғалады. Сондықтан, мүлікті жария ету рәсімін өткізуге байланысты ақпаратты, сондай-ақ, мәліметтерді алған және білетін мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, оның ішінде комиссия мүшелері ондай мәліметтер мен ақпараттарды жұмыс істеген кезінде, сонымен қатар өздері жұмыстан шыққаннан кейін де таратуға құқы жоқ. Мұндай ақпарларды таратқан жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жария етілген мүлік және ақшаға қатысты қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік істер қозғалмайды, жария етілген мүлік тәркіленбейді.
Жүріп жатқан акцияға қатысуға халықтың белсенділігін арттыру үшін Заңда барлық қолайлы жағдай жасалған.
Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Толығырақ almaty.kgd.gov.kz сайтынан оқып, білуге болады.
Алматы қаласы Жетісу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы.
Байланыс телефондары: 8 (727) 279-93-45; 279-01-84.

Жауап қалдыру