Ақ Олимпиада аяқталды

0
101

25 ақпанда Пхенчхандағы қыс­қы Олимпиада ойындары аяқ­талды. Қазақстан құрамасы Юлия Галышеваның «қоласымен» жал­пы тізімде 28-орынға жай­ғас­ты.
Спорттың 9 түрінен 57 лицензия жеңіп алған ұлттық құрама атлеттері үздік нәтиже көрсете алмады. 11 ақпанда фристайлдың могул түрінен Юлия Галышева ғана Олимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді. Қазақстандықтар үміт күткен Дмитрий Рейхерд соңғы финалға шыға алмады, ал шаңғыдан 50 шақырымдық эстафета фавориті саналған Алексей Полторанин мәре сызығын он бесінші болып кесті. Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен болса екінші бағдарламаға өте алмады.
Медаль жиынтығы бойынша 1-орынды Норвегия жеңіп алды. 2-орынға Германия жайғасса, үздік үштікті Канада қорытындылады.

Назерке АБИБУЛЛА

Жауап қалдыру