«7-20-25»: Қанша займ берілді?

0
115

Қазақстанда «7-20-25» бағдарла­масы шеңберінде 2052 өтініш мақұлданды. Бұл тура­лы ҚР Ұлттық банкі баспасөз қыз­меті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
– Биыл 30 қыркүйектегі жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында қарыз алуға 36,6 млрд теңге сомасына 3 089 өтініш қабылданды. Оның ішінде 24,5 млрд теңге көлемінде қарыз беруге 2 052 өтініш мақұлданды, – деді реттеуші банк баспасөз қызметі.
Айта кетерлігі, «7-20-25» бағдарламасы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінде айтылған бірінші әлеуметтік бастаманы іске асыру аясында әзірленді.
Арайлым ЖОЛДАСБАЙ

Жауап қалдыру