600 литр қымыз таратылды

0
76

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде Семейде «Қымызмұрындық» мерекесі өтті. Жиналған тұрғындарға 11 қымыздың түрі тегін үлестірілді.
«Қымызмұрындық» мерекесі қалада дәстүрге айналған. Ор­талық алаңда өткен ша­ра­да қымыздың құнан, дөнен, бесті, бал, түңеме, сірге жияр, сары, уыз, жуса, басты, қы­сы­рақ қымыз түрі көпшілікке ұсы­нылды. Барлығы 600 литр. Шараны ұйымдастырған қалалық Мәдениет бөлімі мен «Қазақ» әлеуметтік-мәдени орталығы, «Ахау, Семей!» этномәдени орталығының әжелері.

Жауап қалдыру