6,5 млн тонна астық орылды

0
34

12 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақ­станда 6546,8 мың тонна астық орылды, деп хабар­лайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ауыл шаруалы­шығы министрлігінің мәліметінше, елдегі дихандар 5 120,1 мың гектар астық жинаған. Бұл өңірлердегі жалпы астық жиналатын ау­мақтың 34,1 пайы­зын құрайды. Орташа астық өнім­ділігі бір гек­тардан 12,8 цент­нер­ді құрады.
2017 жылдың осы мерзімінде 11 354,5 мың гектар немесе об­лыс­тардағы жалпы ас­тық алқабының 74,2 пайы­зы бастырылып, 14 326,2 мың тонна астық орылды.
Қазақстанда 2018 жылы 15 005 мың гек­тар алқаптан астық алы­нуы керек. Бұл көр­сеткіш 2017 жылы 15 300 мың гектар болған. Сондай-ақ биыл егіс науқаны кезінде 15 122 мың гектар жерге, ал 2017 жылы 15 377 мың гектар алқапқа астық егілген.

Жауап қалдыру