577 жоба қолға алынды

0
57

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасының биылғы Жолдауы аясында өңірде атқарылуы тиіс жұмыстарды атады. Әкімнің айтуынша, оңтүстік өңірі аграрлық аймақ болғандықтан бұл салаға жаңа технологиялар енгізу бойынша жұмыстар жүйелі түрде атқарылып отыр. Бүгінгі таңда өңірдегі аграрлық секторды игеру және инновацияларды енгізу ең маңызды мәселелердің біріне айналуда. Осы жайттарға тоқталған облыс әкімі алдағы уақытта интенсивті бақ, тамшылатып суару, жылыжай көлемін ұлғайту бағыттарында жаңа технологиялар енгізу арқылы өнімділікті арттыруға болатынын атап өтті.
«Қазіргі таңда БАӘ мен Иран мемлекеттеріне қой етін экспорттау бойынша алдын-ала келісімдер жаса­лып отыр. Жалпы 2021 жылға ауыл шаруашылығы тауар­лары экспортын кем дегенде 3 есеге арттыруымыз қажет. ҚР Ауыл шаруашылығы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктері, Оңтүстік Қазақстан облысы әкім­дігі арасында түзілген үшжақты іс-шаралар жоспарында бекітілген 75 индикаторлық көрсеткіш 158 бірлікке немесе 2,1 есеге орындалды. Биылғы жылы 3000-нан кем емес үй шаруашылықтарынан біріктірілген 102 кооператив құратын боламыз», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жауап қалдыру