3 мың отбасы баспаналы болған

0
139

Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларына 28 млрд теңге бөлініп, қыруар жұмыс атқарылды. Бұл туралы қоғамдық кеңес мүше­лері алдында есеп берген облыс әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.
Өңір басшысының айтуынша, атал­ған екі бағдарлама бойынша 2215 жұмыс орны ашылып, жергі­лікті кәсі­порындар толық қуатында жұ­мыс істеуге мүмкіндік алды. Нақты нә­тиже ретінде соңғы екі жылда 3 мың отбасының баспанаға қол жет­кізгенін айтуға болады. Облыс­та өткен жылы 500 шақырым жолды жөндеу қолға алын­ған болатын. Со­ның бүгінде 33 млрд теңгеге 420 ша­қырымы аяқ­талды. Биыл «Нұрлы жол» бағ­дар­ламасына сәйкес Орал – Тас­қа­ла – РФ шекарасы күре жолын күр­де­лі жөндеу толықтай мәреге жетеді.

Жауап қалдыру