2800 жаңа жұмыс орны ашылады

0
24

Талдықорғанда биыл 2800 жұмыс орны ашылуы мүм­кін. Бұл туралы халық­пен есепті кездесуінде қала әкімі Бағдат Қарасаев хабар­лады.
«Есепті кезеңде 2765 жаңа жұмыс орны құры­лады, бұл 2014 жылмен салыс­тыр­ғанда, 19,8 пайызға жоғары. Ағым­дағы жылы қолданыс­тағы мемлекеттік және сала­лық бағдарламалар аясында 2800 жұмыс орны құрылады», – деді Б. Қарасаев.
«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдар­лама­сының аясында 619 адам жұмыс­пен қамтылды. Орган­дарға жүгінген азамат­тарды жұмысқа орналас­тыру деңгейі – 83,8 пайыз.

Жауап қалдыру