200 мыңға жуық дәрігердің жалақысы өседі

0
32

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау саласының 191 мың қызметкердің жалақысы көтерілетін болады, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының биылғы Жол­дауын іске асыру шеңберінде бар­лық мемлекеттік ұйымдарда ұйым­дас­тырушылық-құқықтық ны­сан­ға қа­рамастан денсаулық сақтау жүйе­сіндегі еңбекақысы аз 191 мың жұ­мысшының жалақысын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап көтереді.
Денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс­шыларына жалақыны көтеруге ар­налған шығыстарға қажеттілік (еңбе­ка­қысы аз лауазым санаттары) – 27,2 млрд теңгені құрайды.
Айсұлу КЕНЖЕ

Жауап қалдыру