19 елді мекеннің болашағы бұлыңғыр

0
57

Солтүстік Қазақстан облысында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына орай елді мекендердің потенциалын байқау мақсатында мониторинг жүр­гізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқ­па­рат.
СҚО экономика басқар­масының мәліме­тінше, бү­гінгі таңда СҚО-да 649 елдімекен бар. Мұндағы халықтың саны 310 мыңнан асады, бұл жалпы өңір халқының 55,9%.
Алдын ала есеп бо­йын­ша, өңірдегі елді мекен­­дердің 160-ының әлеу­меттік-экономикалық жағ­дайы жақсы болса, 470-інің потенциалы орта­ша. Ал болашағы жоқ ауылдардың саны 19-ға жеткен. Бұл елді мекен­дерде қазір небары 152 адам тұрып жатыр. Есіл ауда­нындағы Жаңалық, Орта­лық және Иверск ауыл­­дарында тұрғын мүл­де тіркелмеген.
Мониторинг нәтижесі бойынша өңірде халық саны 50-ден кем 111 ауыл анықталды.
Ал даму потенциалы жоғары ауылдар негізінен Ақжар, Тимирязев, Ғ.Мү­сірепов аудан­дарында орна­ласқан. Жалпы облыс бойынша болашағы бар, жағдайы жақсы 241 елді­мекен бар екен. Мақсат – осындай потенциалы жоғары ауылдарға ха­лық­ты шоғырландыру. «Бұл елдімекендерде бас­­қа ауылдармен салыс­тыр­ғанда халық саны көп және мектеп, медициналық пунктері бар және аудан ор­талық­тарынан 30 км қашық­тықта ғана орналасқан.
Білікті мамандары, тұрақты жұмыс істейтін базалық кәсіпорындары бар, халқы толықтай жұмыспен қамтылған», – дейді СҚО Экономика басқармасының басшысы Әрсен Қазбеков.

Жауап қалдыру