0
3461

Ұлттық стандарттарға сәйкес, Қазақстанда әрбір 50 шақырым сайын жанар-жағармай құю бекетін немесе шағын тамақтану пунктін салу көзделіп отыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлім етті.

Электрондық денсаулық пас­порты 2020 жылға қарай халықтың 100%-ында болады. Бүгінгі күні 10 млн халықтың электрондық денсаулық паспорты бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Мерзімді салымдардан ақша­сын уақытынан бұрын алғандарға  айыппұл салынады. Бұл туралы Қазақстанның  депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Нұрлан Әбдірахманов мәлімдеді. 1 қазаннан бастап мерзіміне қарамастан депозиттің сыйақы мөлшерлемесі 10,5% болып бекітілді.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы Биыл 9 ай ішінде 18 мыңнан астам астаналық жұ­мыс­қа орналасты. Оның 16 357-сі тұ­рақты жұмыс орнымен қам­тылса, 2250 адам уақытша жұмыс орнына орналастырылды.

 

Қазақстанда 2019 жылдан бастап пластмасса мен қағаз қалдықтарын көмуге тыйым салынады.

Жауап қалдыру