Қанша адам баспанаға мұқтаж?

0
66

Қазақстанда жергілікті ат­қарушы органдарда бас­панаға мұқтаж ретінде тір­келгендер саны 500 мың адамға жуықтайды. Бұл туралы Мәжілістегі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабар­лайды ҚазАқпарат тіл­шісі.
Дегенмен, оның айтуынша, баспанаға мұқтаж ретінде тізімде тұрған адамдарға қатысты мәселелер де бар. Олардың кейбірінде, нақты айтқанда 35 094 адамның ЖСН 2-3 рет тіркелген. Бұған қоса, 96 581 адам пәтер алып үлгерген. «Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларының саны – 1 млн 96 мың адам. Олар да кезекте тұрған соң пәтерге мұқтаждар қатарына жатқызып отырмыз. Мұнан бөлек, 1 миллионнан астам адам жер учаскесін талап етуде. Оларды да есепке алдық. Сонда 2,5 млн адам пәтерге мұқтаж болып шығады. Ал оларды қалай баспанамен қамтамасыз етеміз дегенге келсек, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 15 жыл ішінде 1,5 млн пәтер саламыз деген жоспарымыз бар», – деді Қайырбек Өскенбаев.

Марлан ЖИЕМБАЙ

Жауап қалдыру