1 миллионға жуық жаңа жұмыс орны ашылады

0
30

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің жаңа жұмыс орындарын ашуға қатысты жос­парын жариялады, деп хабар­лайды ҚазАқпарат.
– Үкіметтің нақты жоспарлары бар. Болжамға сәйкес, алдағы 7 жылда шамамен 2 миллион жас маман – университет пен колледж түлегі отандық еңбек нарығына шығады. Олардың бәрін жұмыспен қамту қажет. Осыған байланысты біз 2025 жылға дейін 1 миллионға жуық жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін жобалық басқару жүйесі енгізілді. Қазірдің өзінде базалық салаларда ғана емес, өндірісті автоматтандыру және цифрландыру бағыты бойынша жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр, – деді Б.Сағынтаев еңбек нарығының болашағына арналған халықаралық форумда.
Арман АСҚАРОВ

Жауап қалдыру