Сөнбейтін сезім

0
69

Жуырда Алматы облысы, Жамбыл ауданының орталығы –Ұзынағаш ауылының Мәдениет үйінде белгілі қаламгер, қарымды публицист-журналист Күмісжан Байжанның «Сөнбейтін сезім» атты шығармашылық кеші өтті. Қазақ баспасөзі саласында 40 жылдан астам уақыт аянбай тер төккен оның бұл шығармашылық кешінің туған жерінде өтуі де шараның маңызын арттыра түсті.
Өткен ХХ ғасыр­дың 70-жыл­дары Қазақтың әл-Фараби атын­дағы Ұлттық уни­вер­ситет­тің журналистика фа­куль­те­тін тә­мам­даған соң, еңбек жолын Күр­ті аудандық «Шұғыла» газе­ті­нен бастап, кейіннен Жамбыл ау­да­ны­ның аудандық «Атамекен» газетінде бас редактор болды. Ұзақ жыл осында ең­бек ете жүріп, ойлы да өткір ма­қа­ла­ларымен республика оқыр­ман­да­ры­на кеңінен танылды. Елі­міз­дегі бас басылым – «Егемен Қазақстан» газетінде де ең­бек етті. Сондай-ақ, ол бір­не­ше про­залық туындыларымен де оқыр­ман қауымның кө­ңі­лі­нен шы­ғып үлгерді.
Ауыл тұрғындары лықа тол­ған бұл кешті белгілі өнер ие­сі, жыршы-термеші Ақан Әбду­әлі ашып, жүргізіп отырды. Айта кету керек, бұл кешке Күміс­жан Байжанның алыс-жақын жер­дегі қаламдас әріптестері, елор­дамыз – Астанадан да біраз ла­уа­зымды тұл­ғалар атбасын бұ­рып келіпті.
Жамбыл ауданның әкі­мі Жан­дарбек Далабаев қа­лам­гер­дің шы­ғар­машылығы мен қай­рат­кер­лік қызметі туралы баян­дама жасады. Ал­ғаш­қы құт­тық­тау сөз Алматы облысы әкімі­нің бі­рін­ші орынбасары Ма­хаббат Би­гелд­иевке беріл­ді. Ол Кү­міс­жан Байжанға облыс әкі­мі­нің Құттықтау хатын тапсырды. Содан соң Қазақ­стан Рес­публикасы Парламенті­нің депутаты Серік Нұрғисаев сөз алып, еліміздің мәдениеті мен ру­хания­тының жанашыры, Парламент депутаты Серік Үм­бе­тов­тің ыстық лебізін жеткізді. Қа­лам­герге шетелдік жаңа ав­то­кө­лік­тің кілтін тапсырды.
Содан соң Күмісжан Бай­жан­ның әріптес-ағасы, белгі­лі қаламгер, Алматы облысы­ның Құр­метті азаматы Орысбай Әб­діл­діұлы жырдан шашу шашып, жүрек тебірентерлік арнау өле­ңін оқып берді.
Сөз арасында әдемі ән, сазды бимен әспеттелген бұл кеш шын мәнісінде жамбылдық аға­йын­дардың өз түлегіне деген зор құрметін көрсетті.
Кеш ХХ ғасырдың Гомері Жамбыл бабамыздың немересі Әлім­құл Жамбылов ақсақалдың ақ батасымен аяқталды.
Альбина ТУЛАҚОВА,
«Президент және Халық»

Жауап қалдыру