Әріптес өткен белестер

0
82

Таяуда «Бейбітшілік әлемі» бірлестігі президентінің идео­логиялық кеңесшісі Қанымай Мұстафаева білім беру мен ағарту саласын дамытуға қос­қан белсенді еңбегі үшін Әуезов ауданы әкімінің Құр­мет грамотасымен мара­пат­талды. Марапатты аудан әкімі А.Рақымбетов өзі тапсырды.
Қанымай Мұстафаеваның рес­­пуб­ликалық, облыстық, ау­дан­дық басылымдарда түрлі публицис­тикалық мақалалары, очерктері, әңгімелері новеллалары жиі жарияланып тұрады. 1998 жылдан Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар ака­демиясының мектептен да­йын­дау оқу-кеңес орта­лығы­­ның директоры болып қыз­мет атқарды. Акаде­мия­ның құрылтайшысы Әбен Алда­бергенұлы Нұрманов Қанымайдың еңбегін жоғары бағалады. 2004 жылы Қазақ Экономика және Консалтинг университетінде көптеген игі істерге мұрындық болды. Өзінің біліктілігімен тәжірибесін арттырды.
Ізденіс нәтижесінде «Жалпы гуманитарлық пәндер» кафед­ра­сының доценті, кейінірек профессоры атақтары берілді.
Қазір ол «Бейбітшілік әле­мі» Халықаралық қазақ шы­ғар­­машылық бірлестігі прези­ден­тінің идеологиялық ке­ңесшісі болып қызмет атқа­рады.
Қанымайдың редакторлығы және ұйымдастыру қабілеті арқылы «БӘ» бірлестігінің өткізген ғылыми-практикалық кон­фе­ренцияларының қорытын­ды­лары туралы жинақтар соны­мен қатар «Мәңгілік ел» тақырыбына Абылай хан, Шоқан, т.б. тұлға­ларға арналған онға жуық кітаптары жарық көрді.
Алмат ЖАРЫЛҚАСЫНОВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Жауап қалдыру