Нұр таратқан нар тұлға

0
166

Қазақ елінің ардақты ұлы, философия ғылымдарының док­торы, мәдени-тарихи мәсе­ле­лерді қарастырып жүрген өз мамандығының шебері, мәде­ниет саласында ерен еңбек атқа­рып келе жатқан профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлы – кісілікке кір шалдырмай, адам деген ұлы атқа дақ түсірмеген парасатты кемел тұлға.
Тұрсын Хафизұлның барлық ғылы­ми-педагогикалық қызме­ті, қарашаңырағымыз әл-Фа­ра­­би атындағы Қазақ Ұлт­тық Уни­верситетімен тығыз бай­­ла­нысты. Ол философия, мә­­дениет­тану саласындағы зерт­­­­­­теу жұ­мыс­­­тарына, сондай-ақ, қазақ мә­дениеті тарихын зерттеу­дің теоретикалық мәсе­­лелері және отандық мә­дениет­тану ғы­лы­мының тео­­­­рия­лық-әдісна­малық мә­се­­­лелеріне аса ден қойып, шұқшия зерттеп келеді. Мемлекетімізде алғаш «Мәде­ниеттану» мамандығын ашып мәдениеттану кафедрасын басқарды. 200-ге жуық мақала, көптеген оқулықтардың авторы. Профессор Т.Х. Ға­би­тов­тың «Мәдениеттану» оқу­лығы мәдениет және ақпарат министрлігінің шешімімен үздік кітап атанып, республика дең­гейіндегі өз саласы бойынша жо­ғары деңгейдегі оқу құралы рет­інде танылды.
Жасампаз жастардың арман кезеңінде мәдениеттану мамандығын жоғары да терең деңгейде игертуде, ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде Т.Х. Ғабитовтың үлесі зор. Мәдениет мәселелерінің ара-жігін кәсіби тұрғыдан ашып, ғы­лыми дәрежеде негіздей­тін мәдениеттану маман­дығы­ның сұранысы  қазіргі таңда өте жо­ғарылағаны белгілі. Мәдениет­тану ғы­лымы – ғасырлар бо­йы сар­қылмас мұ­­­ра, болашақты ай­қындауға бағыт беретін рухани құн­­дылықтарды сақ­тап, қазіргі жас жет­­кін­­шек­терге тү­сін­діруде және қо­ғамның ойын бір арнаға біріктіруде өзіндік орны бар сала. Сондықтан да мәдениет жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі.
Ол осынау ғылым жолын ассистенттілік­тен бастап профессор дәре­жесіне дейін жетіп, өз бойындағы тұрақтылық пен сабыр­лы­лықты, шынайылықты үлгі етіп ұсынды. Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап, шәкірттердің бойына жеткізе білгендігімен қатар, бойындағы бар жинап-терген білімін шәкір­ттерінің санасына сапалы жеткізіп, олардың білімді, парасатты болып шығуын мақсат етіп келеді.
Әрине, ол мақсат-мүдделер Т.Х. Ғабитовтың ерен еңбегінің арқасында орындалуда. Яғни, еліміз өркениетті елдердің қа­тарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұлы тұлғалардың еңбегінің жемісі. Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да осындай нар тұлғалар тәрбиелейді.
Қасиетті қарашаңырақта шә­кірттеріне жақсы тәрбие мен білім беру – үлкен ерлік. Себебі, тәрбиеленген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ.
Мерейтой иесіне шәкірттері зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, от­ба­сының амандығын тілей отырып, ғылым жолындағы із­деніс­­­теріне сәттіліктер тілейді!

К.Ә. БИЯЗДЫҚОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
филос.ғ.к. доцент,
Г.ДӘУЛЕТОВА.
1-курс Мәдениеттану магистранты

Жауап қалдыру