Шахта апатынан аман шыққандар

0
186
Chilean President Sebastian Pinera sings the national anthem with the last miner to be rescued, Luis Urzua, credited with organizing the miners to ration food and save themselves, at the end of the operation at the San Jose mine in Copiapo October 13, 2010. All of Chile's 33 trapped miners were rescued from deep underground in a special capsule on Wednesday as an extraordinary two-month survival story many call a miracle triggered wild celebrations. REUTERS/stringer (CHILE - Tags: DISASTER ENERGY POLITICS)

2010 жылы 5 тамызда Чилидегі Сан-Хосе шахта­сында апат болып, 33 адам жер астында 700 м терең­дікте қалып қояды. Құт­қарушы топ тек 69 күннен кейін бүкіл шахтерлерді аман-есен жер бетіне алып шығады.
Сан-Хосе шахтасы Копьяпо қала­сы­нан солтүстікке қарай 45 км қашықтықта орналасқан. Бұл шахта 1889 жылдан бастап пайдаланыла бастаған. Ол жерден алтын мен мыс өндіріледі. Соңғы жылдары қауіпсіздік ережелеріне сай келмей, үш адам қаза тапқан. Бұл шахтаны басқаратын компанияға 2004 пен 2010 жылдар аралығында қауіпсіздік ережелері сақталмағандықтан 42 рет айыппұл салынған екен.

Апат
Апат 5 тамыз күні күндізгі сағат 14:00 шамасында орын алған. Еңбек және әлеуметтік қорғау министір­лігінің басшылығымен ертесіне құт­қару жұмысы басталды.

 Құтқару жұмысы
1-ші күні құтқарушы топ шах­­таға желдету ұңғымалары арқы­лы кірмекші болады. Бірақ екінші апат­тың салдарынан бүкіл ұңғымалар біте­ліп қалған.
2-ші күні жоғары жылдамдықтағы бұрғылау қондырғыларын орнату басталады.
7-ші күні құтқарушылар тау-кен өнеркәсібінде шахтерлер болуы мүмкін деген жерлерге бұрғылары жетеді. Алайда тірі жанның белгісі байқалмайды. Құтқарушылар кенші­лер шахтаның ең төменгі жағын­да үш күндік азық-түлік пен су бар орынға жасырынуы мүмкін деп пайымдайды.
14-ші күні бұрғы діттеген жерге жетеді, бірақ 30 метр шетке кетіп қалған екен.
17-ші күні (22 тамыз) бұрғылау құралы шахтерлар жасырынған орынға жетеді. Құтқарушылар бұрғы құбырының түбінен әлсіз дыбыс естиді. Бұрғы қайта көтерілгенде, оның түбінен: «Біз тіріміз, азық-түлік сақталған қоймадамыз, 33 адам­быз» деген хат табыла­ды. Кеншілердің аман екенін білген құтқарушылар ол жерге бақы­лау ка­мерасы мен телефон құрыл­ғы­ларын орнатады. Шахтерлар азық-түлік 17 күнге жет­кендігін хабар­лаған. Оларға NASA-ның арнайы ғарышқа әзірлеген қорек­тік қоспа­ларын түсіреді.
19-шы күні ең мықты бұр­ғыны жеткізеді. Ол секундына 20 литр су қажет етеді екен. Шахта шөл­да­лада орналасқандықтан су таситын көліктерді іске қосады.
26-шы күні А жоспары іске қосылады, оған сай шахтерларды 3 айда шығарып алу көзделген.
30-шы күні АҚШ-тан бұрғылау жұмыстары бойынша басты маман Брендон Фишер келеді. Ол ұңғыманы бұрғылауға арналған америкалық бұрғылау балғасын орнатады. Бұл Б
жоспары болатын. Б жоспары бойынша бұрғы 6 аптада жету қажет еді.
34-ші күні орнатқан бұрғы сынып қалады да Б жоспары тоқтатылады.
37-ші күні шахтаға жаңа қуатты бұрғылау қондырғысын жеткізеді. Оның үлкендігі соншалық, орнатуының өзі 9 күн уақыт алады. Сөйтіп С жоспары іске қосылады. Аталмыш бұрғы жұмысын 20 күн ішінде аяқтауға қауқарлы еді.
39-шы күні В жоспарлы бұрғы қайта іске қосылады.
46-шы күні С жоспарлы үлкен құрылғы іске қосылып, алғаш рет А, Б, С жоспарлы үш бұрғы да жұмыс істейді.
58-ші күні С жоспарлы бұрғы тау жыныстарының қаттылығына байланысты жұмысын баяулатуға тура келді. Жер астында қалып қойған кеншілер күніне 20 тонна бұрғылаудан түсетін тау жыныс­тарын тазартып отырған.
65-ші күні Б жоспарлы бұрғы діттеген жерге жетеді.
69-шы күні (12 қазан) Құтқару операциясының соңғы кезеңі бол­ды. Бір күнде бүкіл кеншілерді біртіндеп жер бетіне көтеріп алды. Сол күні Чилиде ұлттық мереке болды. Кеншілерді туған-туыстары мен Чилидің президенті Себастьян Пиньера қарсы алды. Кеншілерді құтқару үшін 22 млн доллар қаржы жұмсалған екен.

Жер бетіндегі қолдау
Апат болған күннен бастап аталмыш кен орнына бүкіл кенші­лердің туған-туыстары жиналып дұға оқыған. Тіпті дінбасылары келіп, қолдау көрсеткен. Біртіндеп тек туыстары емес, бүкіл қала тұрғындары келіп, дұға жасап, көмек қолдарын созған. Кеншілердің бала-шағасын оқыту үшін мектептерден арнайы мұғалімдерді алдырып, сабақ бергізген. Жер астында қалып қойған кеншілердің аты-жөні жазылған 33 жалау тігілген екен. Дәрігерлер мен психолог мамандарды жұмылдырып, 69 күн бойы осы құтқару жұмысының басы-қасында болып, көмек көрсеткен. 17-ші күні кеншілердің тірі екенін білгенде, дүйім жұрт болып қуанды. Оларға телефон құрылғыларын орнатып берген соң, бейнебаян арқылы туған-туыстарымен, психо­лог мамандармен тілдесіп отыруға мүмкіндік туды. Сан-Хосе кен ор­нының маңы кішігірім елді мекенге айналған.

 

Кім кінәлі?
Кеншілердің туыстары болған жайтқа қауіпсіздік ережесін сақ­тамаған San Esteban компаниясы мен жұмыс жасауға рұқсат берген үкімет басшыларын айыптады. Де­сек те, 2013 жылдың тамыз айында прокуратура апаттың мән-жайларын тергеуді тоқтатты. Себебі олар ешкімді кінәлі деп таппады.
Жер астында 69 күн жандарын шүберекке түйіп, Жаратқаннан амандық-саулығын тілеген кенші­лердің аман-есен жер бетіне шығуы олар үшін үлкен сынақ болды. Біз, адамзат, басымызға қиындық түскенде ғана Жаратқанды еске алатынымыз бар. 2011 жылдың ақпан айында сол 33 кенші Израильге барып, христиандық мінәжаттарын орындап қайтқан болатын.

Әлбина ТУЛАҚОВА,
«P&H»

Жауап қалдыру