Ресей бәрін шешпейді

0
157

«Ресей бәрін шешеді, со­ған құлдық» деп кім айт­ты? Далбаса. 1994-1999 жылдарда соғысып 140-мил­лиондық Ресей хал­қының саны 1 миллионға жетпей­тін Шешенстаннан тас-талқан боп жеңілді. Содан бері шешендерге миллиар­д­тап берешек – «дань» төлеп келеді. Неліктен? Орыс әлсіздігінен ғана ма? Жоқ. Ең алдыңғы себеп – кішігірім халықтың өзі намысшыл да бірауызды болса, кез келген дұшпан тізе бүгеді. Айтпағым бiр: Қазақ баласы, тек қана Өзімізге сенуіміз, осы жолда өрлеп, рухты да ақылды ұрпақты өсіруіміз ауадай қажет. Та­банды болсақ, шынайы Тәуел­сіздік таңы ататыны анық.

Расул ЖҰМАЛЫ,
«Фейсбук» парақшасынан

Жауап қалдыру