Әр елдің заңы басқа

0
171

Жоғары заңдық күші бар ерекше нормативтік-құқықтық құжат болып саналатын конституция әр елдің өзіндік саяси ұстанымы мен бағыт-бағдарына қарай жасалады. Олар туралы қызықты деректер де жетерлік. Солардың бірқатарымен таныса отырыңыздар.
АҚШ конституциясы – заманауи түсініктегі ата заңдардың ең алғашқысы болып саналады. Құжат 1787 жылы қабылданған. АҚШ конституциясы өзінің қысқалығымен де ерекшеленеді. Ол 4,4 мың сөзден тұрады. Бір қызығы, онда «демократия» сөзі бірде-бір жерде кездеспейді. Мемлекеттегі басты құжат қабылданған 231 жылда тек 27 өзгерту мен толықтыру енгізілген.
Шын мәніндегі ең қысқа конституция Иорданияда. 1952 жылы қабылданған құжат 2 мың сөзден тұрады.
Ең жас конституциялар Африка елдерінде. 39 африкалық ата заңның 19-ы 2000 жылдардан кейін жазылған.
Ал Үндістанның конституциясы ең көлемді әрі күрделі болып саналады. Ол 395 баптан, 12 қосымшадан, 117 400 сөзден тұрады. Оған 500-дей өзгеріс енгізілген. Әрі құқықтар мен нормалар жүйесіз, әр жерде шашыраңқы берілген.
1791 жылы қабылданған Польша конституциясы әлемдегі екінші, Еуропадағы алғашқы конституция.
Эквадорда табиғат конституциямен қорғалған.
Жапонияның конституциясы соғыспауға үндейді. Аталмыш норма ел ІІ жаһан соғысынан жеңілгеннен кейін қабылданған.
Либияда елдің басты заңы деп – қасиетті Құран кітап та­ныл­ған.
Мальта – конституциясы бойынша бейтарап ел.
Еуроодақ конституциясын жасауға Еуропаның ең үздік мамандары 3 жыл уақыт жұмсаған.
Израильде конституцияның орнына бірнеше негізгі заңдардың жинағы қолданылады. Өйткені күнделікті заңдар мен рухани заңдардың арасындағы қара­ма-қайшылықтың үлкендігі сон­шалық оларды бір құжатқа тоғыс­тыру мүмкін болмаған.
Ұлыбританияда да негізгі заң болмағандықтан, ол жерде де конституция жоқ деп есептелінеді.
Исландияның конституция­сын кездейсоқ таңдалған азамат­тар жасаған. Оған елдің Кон­ституциялық Кеңесі өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізіп, ғалам­торға күллі елдің талқы­сына салып отырған.
Гитлер әскері талқан­дал­ғаннан кейін қабылданған Германия конституциясы адам құ­қықтары мен бостандықтарын аса жоғары бағалайды. Ол әлем­дегі ең гуманистік құжат­тардың қа­тарына кіреді.
Францияда 200 жылда 16 конституция қабылданған. Тағы алтауы талқыланғанымен күшіне енбеген.
Өзбекстан конституциясы посткеңестік елдер арасында бірінші қабылдаған конституция.

Жауап қалдыру