Оралман – өз бауырымыз

0
95

«Қазақстанда моңғол атан­ғанша, Моңғолияда қа­зақ болып жүре берейін» деп бір жігіт қайтадан Моң­ғолияға кетіп қалыпты. Баяғыда қалаға келген қа­зақ­тарға келімсектер «по­нае­хали» дейтін еді. Солар­дан көргенін істеп жүр ме, елім деп келген өз бауырын сыйдырмай жатыр деген сұмдық қой. Қазақ­станда жер жетпейді емес, жетеді. Өзіміз онсыз да аз­быз. Осы аз қазақтың санын көбейткеннің орнына, қандастарыңа қырғидай тигендеріңе жол болсын!
Естеріңізде болсын, орал­мандарға орысқұлдар ғана тиіседі! Қытайдағысы болсын, Ресейдегісі болсын, Моңғолиядағысы болсын, шеттегі қазақтың бәрі бөтен елде емес, өз жерінде тұрып жатыр. Бірақ оларды, кезінде біртұтас болған қазақ елін отаршылдардың зымиян саясаты бөліп-бөліп тастады ғой. Қазақ­станға да осы отанын іздеп келеді.. Өйткені олар өз атажұртында отырса да, отанынан айырылып қалған!

Жолымбет МӘКІШ,
«Фейсбук» парақшасынан

Жауап қалдыру