Нәтижеге жетудің формуласы

0
143

Мына дүниеде Жаратқанның себеп-салдар заңы еш мүлтіксіз және жүз пайыздық дәлдікпен жұмыс жасауда. Әрбір нәрсенің себебі мен салдары болады. Кез келген әрекет себеп болса, оның нәтижесі – салдары. Бұл заңды білу арқылы адам оны өз мүддесі үшін тиімді пайдалануына мүмкіндігі бар.

Бәрі ойдан басталады
Белгілі бизнес-тренер, жазушы Сайдмұрод Давла­тов­­тың пайымынша, біздің өмір­­дегі жолы­­мыз, жеткен же­тіс­тік­теріміз – бәрі ойдан бастау алады.
Кванттық физиканың пайда болуы – адам ойының материалды екендігін анықтады. Иә, ой материалды зат. Қазіргі күні адам ойын өлшейтін арнайы құрылғы да шықты. Адам ойы ради­о­толқын сияқты түр­лі өлшемде әре­кет етеді екен. Ашу, ыза, қат­ты қор­қы­ныш неме­се қуану, шат­тану – бәрі ой өл­шемін жо­ға­ры­ла­та түседі. Де­генмен, жақ­сы жә­не жаман се­зім әке­летін ой­лар бір бағыт­та емес, екі ба­­ғытта қозға­лады.
Қуану мен шаттану, рахаттану – бұл адам­ды жоғары сезім деңгейіне кө­терсе, керісінше қор­қыныш пен үрей, тү­ңілу, ашу-ыза сияқты ой тол­қындары төмен қарай құл­дыратпақ. Адам миы бір сәт те тыныш тұра алмайды. Адам тіпті, ұйықтап жатқанда да түрлі нәрселерді ойлап, яғни ой туғызып жатады.

Ақыл-ойды басқаруға бола ма?
Сайдмұрод Давлатовтың пайымынша, ойдан эмоция­лық ахуал, яғни көңіл-күй туады, одан елес пайда болады. Ең соңында осы үшеуі белгілі бір нәтижеге жеткізеді. Яғни, нәтиженің формуласын былай деп жазсақ болады:
О (ой) + К (көңіл күй) + Е (елес) = Н (нәтиже). Бұл формула барлық уақытта, барлық жағдайда 100 пайыздық дәлдікпен жұмыс жасайды. Егер сіз ойыңызды бақылап және басқарып, мақсатты түр­де белгілі бір бағытқа ба­ғыт­­тай­тын болсаңыз, нәти­жесі өзіңіз күткендей болып шы­ғады. Ал, керісінше, ойы­ңызға еш бақылау жаса­ма­са­ңыз, он­да ой сізге қарсы жұ­мыс жасай­ды.
Мысалы, сіз жазда демалыс алып, табиғаты тамаша өңірдегі шипажайға барып демалсам деп армандадыңыз делік. Сіздің арман-ойы­ңыз­дың салдарынан көңіл күйіңіз де өзгеріп, көтеріңкі бола түсті. Өйткені, табиғаты тамаша жерде шипажайда демалу, мөлдір суға шомылып, күнге қыз­дырыну, жалпы демалу кімге ұнамасын. Содан әлгі ойдан туған көңіл күй әуе­ні­мен енді сіз де­малы­сыңызды көз ал­ды­ңызға елестетесіз. Табиғат ая­сын­да демалып жүр­геніңіз, шалқар көлде қайықпен жүзіп, жағажайда қыз­­­­ды­ры­нып жатқа­ныңыз – бәрі кенет көз ал­дыңызға келе қа­л­ады.
Ал енді осы­ның нәтижесі не болады дей­­сіз ғой? Сіз осы ойды ойла­ды­ңыз да кейін ұмы­тып кеттіңіз. Бі­рақ сіздің са­на­ңызға те­рең сіңіп, эмоция­лық көңіл күй, одан елес әкелген бұл жай бостан босқа кетпейді. Жо­ға­рыдағы формулаға сай О+К+Е=Н болады. Сөйтіп, сол жазда сіз күтпеген жерден шипажайға барып, өзіңіз армандағандай табиғат аясында демалатын боласыз.
Ал енді сондай жай кері бағытта да жүреді. Мәселен, сіз емтиханға дайындалып, ұсынылған 20 билет сұрақ­тары­ның 18-ін оқы­­дыңыз де­лік. Сіз­дің түсі­ні­гі­ңізше, 20 би­леттің 18-інің бірін алу мүм­кін­дігі сізде мол. Дегенмен, көңіліңізге күдік келе қалды дейік. Ол күдік: бәлкім маған оқы­маған әлгі екі билеттің бірі келсе не істемекпін дейді. Осы күдік санаңызды билеп алады да, содан ол қор­қынышты көңіл-күй шақырады. Ал ол дами келе өзіңіздің дәл әлгі оқы­­маған
екі би­лет сұрағын алған сәтіңіз тү­ріндегі елеске жетелейді. Енді нә­тижеге жету формуласы бойынша О+К+Е=Н, яғни сіз өзіңіз оқымаған екі билет келсін деп Кеңістікке немесе Жоғарғы санаға тапсырыс бердіңіз. Ал Жоғарғы сана сіздің тапсырысыңызды дәл орындайды. Сөйтіп, сіз әлгі күдікті ой жетегімен пайда болған өзіңіз оқымаған екі билеттің бірін алатын боласыз.

Ойыңызды жақсылыққа бағыттаңыз
Осы мысалдардан көріп отырғанымыздай, егер сіз ақыл-ойыңызды өзіңіз бақылап, бас­қар­масаңыз, саналы түрде өзіңізге қажет бағытқа бағдар­ламасаңыз, онда ой күмән-күдік, қорқыныш сияқты сезімдердің жетегімен теріс бағытқа алып кетеді.
Сондықтан, ойыңызға ал­ған мақ­сат-мұратыңызға же­те­мін десеңіз, ақыл-ойы­ңыз­ды қолыңызға алы­ңыз, яғни ойы­ңызға бақылау жасап, оны басқарыңыз. Ол үшін саналы түрде жаман ойлардан қашып, әрдайым жақсылық жа­йында ойлаңыз. Адамның ең үлкен дұшпаны КҮМӘН, ҚОРҚЫНЫШ деп аталатын құбыжықтар. Он­дайға ешқашан жол бермеңіз.

Alashainasy.kz

Жауап қалдыру