Маңдайына қарап, мінезін таны

0
848

Бұл өмірде адамдардың жан-дүниесін танып-білудің, әрқайсының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Физиономистика ғылымының мақсаты тек адамды тануға көмектесу. Маңдай пішініне байланысты адамның мінезін танып көрейік.
1. Жазық, кең маңдай. Ол ақылдылықтың, ойлылықтың нышаны. Мұндай адамдар интеллектуалдық қызметке бейім. Осындай маңдайды шаштың етегі дөңгелене жиектеп тұрса, табандылықты, турашылдықты көрсетеді. Кең маңдай – ақыл, ойдың кемелділігі.
2. Қусырыла біткен тар маңдай. Мұндай маңдай иесінің көбінесе интеллекті төмен болады. Алайда өмірге икемді, өзіне-өзі сенімді. Аяғын қашанда нық басады. Егер осындай маңдайға шаш тым төмен орналасса, етегі тым төмен түсіп тұрса, қарабайырлықтың, ортан қолдылықтың нышаны саналады. Тар маңдайлы адам құнтты, пысық келеді.
3. Жалпақ маңдай. Адамның маңдайы жалпақ, иегі сүйірленіп, үшбұрыштанып келсе, мұндай кісінің есте сақтау қабілеті жақсы, бірақ та мінезі құбылмалы. Оның өте сезімталдықтан қолға алған ісінен тез жалыға салатын қасиеті де жоқ емес.

Жауап қалдыру