Мұхаммед Салах

0
259

Мұхаммед Салах 1992 жылы 15 маусымда Мысыр елінде дүниеге келген. Ол бала кезінен футболға қы­зы­ғып, жа­сөс­пірімдер ара­сын­дағы жарыс­тар­да көз­ге түсіп, кейін алып футбол коман­даларын­а қабыл­да­нады.
2017 жылдың нәтижесі бо­йынша ең үздік араб футбол­шыларының тізімін жасаған араб елдерінің спорт журна­листерінің қоры­тындысы бо­йынша бірінші орында «Ли­верпуль» мен Мысыр құрама коман­дасының шабуылшысы Мұхаммед Салах тұр. Ол Афри­каның да 2017 жылғы үздік футболшысы атан­ды. Ағылшын премьер-лига­сы­ның қазіргі мау­сымындағы ең үздік «бом­бардирі» Мұхам­мед Са­лах Мысыр құра­масы­ның Ресейдегі Әлем чем­пионатында ойнауына жол ашты.
Мұхаммед Салах халыққа тек футболшы ретінде ғана әйгілі емес, оның мәрттігі, елге деген қамқорлығы әр адамды там­сан­­дырды.

  • Футболдан әлем чемпионатына дайындық барысында Египет құрама командасы сапында өнер көрсететін Мұхаммед Салах қасиетті Рамазан айында Ораза ұстауын тоқтатпайтынын мәлімдеді.

Мәселен, әлеу­меттік желі­лер­де айтылғандай, кәнігі ұрының бірі оның пәтерін көз­деп жүріпті. Үйін түгел тонап кеткен ұрының үстінен оның әкесі сотқа шағым түсір­ген. Алайда, Мұхаммед әке­сіне айтып, сотқа түсірген шағымды қайтадан кері алды­рады. Ал үйіне түскен ұрыға қо­лұшын беріп, қаржы­лай кө­мек­тесіп, жұмыс та­буына кө­мек­теседі.
Бұл ғана емес… оның өз­ге­лерге ой салатын басқа да істері көп. Мысыр құра­масын Әлем чемпи­онатына шығарған Салахқа Мысырдың беделді бизнесмені  хабарласып, оның отбасына ғажайып вилла сыйлайтынын айтқан. Мұхаммед одан бір­ден бас тартып, егер жақ­сылық жасағысы келсе, туған жері Нагрикті дамытуға үлес қосуды өтінеді. Футболшы ол жерде мектеп салып, жан-жақты жабдықталған, төбе­сі жабық спорт залдарын ашқыз­ған.
Сонымен қатар, қомақты қаржысын емханаларға дәрі-дәрмек алуға, жедел жәрдем көліктерін сатып алуға бөлген. Жаңа үйленіп жатқан жас жұбайлардың некеге тұ­руына көмектесіп, үйлену тойларын өткізуге көмектеседі екен.
2017 жылдың со­ңында эко­но­микасы құл­дыраған өз елін аяғынан тік тұруына қо­лұшын беріп, шет ел валютасымен қо­мақты қаржы ау­дарған.
27 мамырда Реал Мадрид пен Ливерпуль коман­даларының чемпиондар Лига­сын­дағы кездесуінде Мұхаммед Салах иығынан ауыр жарақат алып қалды. Қазір оның жағдайы қалыпты болғанымен, таяуда өтетін футболдан әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін.
Қорыта айтқанда, мүгедек болып қа­л­ған футбол­шылар­ды үнемі де­меп отыра­тын Мұ­хам­мед Салах­тың осындай адамгер­шілік қыр­ларын Ора­за айында айту­ды жөн көрдік.

Stan.kz порталы

Жауап қалдыру