Әлемдегі оғаш заңдар

0
37

Заңның негізгі міндеті – адам құқығы мен бостандығын қорғау. Алайда әлемнің кейбір мемлекеттерінде оғаш, қалыптан тыс заңдар да бар екен. Солардың бірқатарымен таныстыра отыралық.
1. Алаяска заңы бойынша аза­маттарға қоқиқаздарын шаш­таразға апаруға тыйым са­лынған. Қоқиқаз негізінен жылы ай­мақта тіршілік ететіні белгілі. Содан заңды сұрақ туады – Аляскада қоқиқаз бар ма екен?
2. Францияда шошқаға «Наполеон» есімін беруге болмайды.
3. АҚШ-тың Арканзас штатында «Арканзас» сөзін қате айтуға қатаң тыйым салынған. Заң 1881 жылы қабылданыпты.
4. Ұлыбританияда спирттік сусындар сататын орындарда мас болуға тыйым салынған. Заң 1996 жылы спирттік сусындар лицензиясы мен бақылауы туралы акт негізінде қабылданған. Көңіл көтеретін орын иесі тым масайып қалсаңыз, алкоголь сатпауға құқылы.
5. Канзаста ақшаны жұтып қойған сауда автоматтарын ұрғылауға болмайды.
6. Англияда парламент палатасында қайтыс болуға тыйым салынған.
7. Тайландта ақшаны мыжуға болмайды. Банкнотта ел королі бейнеленгендіктен оны мыжу, таптау корольді сыйла­ма­ғанмен тең.
8. Луизианада досыңызға ескер­тпестен оған курьер ар­қылы қандай да бір тауар жеткіз­сеңіз, $500 айыппұл тө­лей­сіз. Заң 1999 жылы қабылданыпты.
9. Швейцарияда 22:00-ден кейін унитаз суын ағызуға болмайды. Бұл заң түнде өзгелердің мазасын алмау үшін бекітілген.
10. Бангладеште 15 жастан жоғарылар тест жауаптарын көшіргені үшін түрмеге тоғытылуы мүмкін
11. Вашингтонда қар адамын қорлағандарға айыппұл салынады.
12. Қытайда биліктің рұқ­сатынсыз рухани жаңғыруға болмайды. Заң тибет монахтарының наным-сенімдерін бақылауда ұстау үшін қабылданған. Тек қытай­лықтардың бұл заң­ның орындалуын қалай қада­ға­лайтыны түсініксіз.
13. Норвегияның Лонгьире аймағында қайтыс болуға тыйым салынған. Мәңгі тоң болып жататын өлкеде мәйіт қатып, топыраққа айналмайды екен. Егер біреу хал үстінде жатса, оны елдің басқа аймағына жеткізетін көрінеді.
14. Сингапурда төлқұжаты жоқ адамға сағыз сатуға тыйым салынған. Медициналық мақсатта емес, жайдай-жай сағыз шайнап жүргенді көрсе, $1000 көлемінде айыппұл салынады.
15. Жапонияда семіруге тыйым салынған. Ер адамдар мықыны 80 см-ден, әйелдердікі 90 см-ден аспауы тиіс. Заң 2011 жылы қабылданған. Бұл нормадан тек сумо палуандары сияқты ерекше мәртебеге ие адамдарға ғана қалыс қалған.
16. Солтүстік Кореяда ел төрағасы Ким Чен Ыннан басқа азаматтарға темекі шегуге ты­йым салынған.

Forbes.kz

Жауап қалдыру