Көпір астындағы мектеп

0
250
In this photo taken Wednesday, Nov. 7, 2012, founder of a free school for slum children Rajesh Kumar Sharma, left, and Laxmi Chandra, second from left, teach at a free school run under a metro bridge in New Delhi, India. At least 30 children living in the nearby slums have been receiving free education from this school for the last three years. (AP Photo/Altaf Qadri)

Үндістан астанасы Нью-Делидегі метро көпі­рінің астында лашық­тарда тұ­ратын кедей отба­­сы­лар­дың балаларына арнап Раджеш Кумар Шарма атты ерікті мектеп ашқан. Онда сауат ашып, білім алам деген әр баланы құшақ жая қарсы алады.

In this photo taken Tuesday, Nov. 6, 2012, underprivileged Indian children attend a free school run under a metro bridge in New Delhi, India. At least 30 children living in the nearby slums have been receiving free education from this school for the last three years. (AP Photo/Altaf Qadri)

Раджеш Кумар жас ке­зін­де әке-шешесі оқу ақы­­сын төлей алмаған­дық­тан кол­леджді тастап кетуге мәжбүр болған. Оны тұрмы­сы­ның нашар­лы­ғынан бі­лім ала алмаған жас­тар­дың тағдыры үнемі толған­ды­ратын. Ал кедей­ші­лікте ғұмыр кешіп, көшеде кезіп жүрген балалар көп еді. Бұған бейжай қарай ал­маған Раджеш 40 жасқа тол­ған шағында кедей от­ба­сылардың балаларына тегін мектеп ашуға ше­шім қабылдайды. Алай­да ғимарат жалдауға қаражат қолбайлау болды. Ойлана келе Раджеш көпір астын мектепке айналдырады.
Мектепте екі тақта мен екі орындықтан басқа ештеңе жоқ. Оқушыларға жазып, оқу, математика негіздері үйретіледі.
Бұл мектепте ешкім­ді күштеп оқытпайды. Оқу­шы­лар сабаққа өз еркімен келеді. Бұл балаларға жасал­ған үлкен жақсылық. Олар білімді кедейшілік қамы­ты­нан құтылудың бірден-бір жолы деп білгендіктен көпір астындағы мектепке көптеп келеді.

Төрткен ҚЫЗЫЛЖАР

Жауап қалдыру