АДАМНЫҢ «ЧИПІ» ҚҰЙЫМШАҚТА…

0
1346

1940 жылдардың соңына қарай АҚШ-та мынандай бір оқиға болған екен. АҚШ сотына бала ерткен бір әйел келіп, қасындағы баланың қаншама жыл бұрын дүниеден өткен бір байдың ұрпағы екенін айтып, үлкен бір істің ашылуына түрткі болады.
Әйелдің ниеті – байдан қалған байлыққа баланың ми­расқорлық құқығы бар еке­нін дәлелдеп, өзіне тиесілі үлесін алу еді. Ол кез­де ба­ланың түп атасын анық­тайтын ДНК тесті деген жоқ. Содан АҚШ құқықтық жүйесі бұл істің алдында дәрменсіз қалады. Басқа елдің құқықтық жүйелеріне назар аударады. Римнің, Грекияның, Қиыр Шығыстың тәжірибелеріне қа­райды. Олардан да ештеңе таба алмайды. Бұл іске жауап іздеп бір делегацияны Түркияға да жібереді.
Мәселенің жауабын іздеген делегацияны жергілікті бір заңгер Түркияның Бас Мүфтиі Өмер Насухи Билменге жө­нелтеді. Делегация мұның себебін ұға алмаса да дін басына жол тартады. Өмер Насухи Билмен АҚШ-тан келген делегациядан әлгі өлген адамның сүйегі әлі күнге дейін бар ма, жоқ па, соны сұрайды. Олар таңғалған күйі бар екенін айтады. Сонда Бас Мүфти әлгі өлген байдың құйымшақ сү­йегіне баланың қанын тамызып көруді кеңес етеді. Егер құйымшақ сүйегі қанды сорып, сіңіріп алса онда бала сол адамның ұрпағы, ал сіңірмесе, онда әйел өтірікші екенін айтады. Келген делегация алған жауаптарын қорыта алмастан, көңілсіз кері қайтады. Себебі, Өмер Насухи Билмен дін адамы, ал іздеп жүрген жауаптары медицина саласына қатысты. Екеуін бір арнада тоғыстыра алмаған америкалық делегация шек-шүбәмен отандарына оралады.
Десек те, Өмер Насухидің ақылы делегация құрамында болған бір дәрігерге тыныш­тық бермейді. Соңында мүф­тидің пікірін қате, жаңсақ екенін дәлелдеп, жұртқа паш етуді ойлайды. Осы мақсатта қабірді ашқызып, мүфти айт­қан құйымшаққа әуелі өз қа­нын тамызып көреді. Қан сіңбес­тен сүйектің үстінен ағып кетеді. Екіншісінде баланың қанын тамызып көреді. Сол кезде әлгінің көзі шарасынан шығып кете жаздайды. Сүйек қанды сіңіріп алады. Мұны көрген ол таңданысын жасыра алмайды. Бас Мүфтидің берген жауабына сол жердегі түріктер де таңғалып, бұл мәселені қай­дан білгенін сұрайды. Өмер Насухи Билмен де әлгі құйымшақтың тек өз нә­сілін ғана қабылдайтынын ұзын­нан-ұзақ түсіндіріп береді. Әрі құйымшақтың маңызын, оны не істесең де жойылмайты­нын, тіпті Қияметке дейін бұл сүйектің сақталатынын, әрі Қия­мет күні адамның осы сүйек­тен қайта жаратылатынын әңгімелеп береді.
Осы оқиғадан соң, Йемен­нің зерттеушілері Осман әл-Жей­лани мен шейх Аб­дуль-Мәжид Аззандани 2003 жылы Рамазан айында құ­йым­­шаққа бірнеше ғылы­ми зерт­теу жұмыстарын жүр­гіз­ген. Олар жанып тұрған отқа құ­йым­шақты 10 минут бойы қыз­дырған. Жанған отта қақталып тұрған құйым­шақ­тың түсі бастапқыда қыза­рып, кейін қарая түскен. Содан ке­йін ғалымдар күйген құйым­­шақтың қалдықтарын жинап, стерильді колбаға салып, Йеменнің Сана қаласын­дағы әл-Аулаки зертханасына жө­нелтеді. Сана универ­сите­тінің гисталогия мен патология профессоры Салих әл-Аулаки қалған ұлпаны зерттеп, лау­лаған оттың құйымшақтың жасушасына еш әсер етпегенін байқайды. Яғни, газдың отына май жасушасы мен жілік майы ғана жанған, ал құйым­шақтың жасушалары еш зарар көрмеген, тіршілігін жоймаған.
Бұған ұқсас зерттеуді қы­тай­лық ғалымдар да жаса­ған. Олар құйымшақты қуат­ты ра­диоактивті сәуленің ас­тында ұстаған. Сосын күшті хи­мия­лық қышқылдарға сал­ған. Нәтижеде адамның бұл сүйе­гін түбегейлі жойып жіберу мүмкін емес деген қоры­тындыға келген. Ағылшын мик­робиолог-ғалымдарының да тәжірибелері осыны көр­сет­кен. Олар адам мәйітін 6000 градустық отта да өрттеп көрген, -286 градус суықтықта та ұстап көрген. Алайда, бәрі-бір құйымшақтағы тіршіліктің белгілерін жою мүмкін емес болған. Демек, бұл зерттеулер де құйымшақтың шірімеуін ғылыми түрде дәлелдеп отыр.
Қорыта келгенде, Ал­ла Та­ғала Құранда: «Құран­ның анық ақиқат екендігі айқын­далғанға дейін әлем­дегі және өздеріндегі белгілерімізді көр­сете береміз. Расында Раб­быңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе?» («Фуссиләт» сүресі, 53-аят), – дейді.
Бірде саңлақ сахаба Әбу Һурайра (р.а) Пайғамбары­мыз­дың (с.а.с): «Сүрдің бі­рін­ші үрленуі мен екінші рет үрленуі арасында қырық уақыт бар», – деген хадисін жеткізеді. Сонда сол жерде отырған сахабалар: «Уа, Әбу Һурайра, қырық деген не? Қырық күн ба?», – деп сұрайды. Бұған Әбу Һурайра: «Нақты ештеңе айта алмаймын», – дейді. Отырған сахабалар да: «Әлде қырық жыл ма?», – деп сұрайды. Әбу Һурайра тағы да: «Ештеңе дей алмаймын», – деп жауап береді. Сахабалар тағы да: «Әлде қырық ай ма?», – дейді. Бұған да ол: «Ештеңе айта алмаймын», – дейді, сосын хадисті әрі қарай жалғастырып: «Осы уақыт ішінде адамның құйымшағынан басқа барлық жері шіріп, жоқ болады. Бұдан кейін қайта жаратылу бас­талады. Бұл жаратылыс адамның осы құйымшағынан басталады. Сосын Алла Та­ғала көктен жаңбыр жаудырады да барлық адамзат өсімдіктер секілді қайта жан бітіп тіріледі», – дейді.
Бұл жердегі хикмет Пай­ғам­­бары­мыздың – сүн­неті. Барлық ғылым мен хик­­­меттің қайнар көзі болған Құ­­ран мен Пайғам­барымыз­дың сүннетін берік ұстану – шүбәсіз, даналыққа жетелейді. Өкінішке қарай, кө­біміз мұның қадірін жете түсін­беудеміз. Ендеше Құран­ға қырын, сүннетке салғырт қараудан сақтасын Алла!

Салтан САЙРАНҰЛЫ

Жауап қалдыру