2018 жылғы бюджеттің негізгі донорлары анықталды. Олардың денін мұнай компаниялары құрайды, – деп жазады LS. Олай болса ел қазынасына қомақты қаржы аударып отырған 50 ірі салық төлеуші кәсіпорынмен таныса отырыңыздар.
1. Теңізшевройл – 1,9 трлн теңге (2017 жылы 1,1 трлн тг)
Қазақстандағы мұнай өндіруші ірі компания. Компания акцияларының 50 пайызы «Шеврон», 25 пайызы – «Эксонмобил», 20 пайызы – «ҚазМұнайГаз», 5 пайызы – «ЛукАгро» компанияларына тиесілі. Теңіз кенішіндегі шикізаттың зерттелген қоры 3,2 млрд тоннаны (25,5 млрд баррель) құрайды.
2. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» қазақстандық филиалы – 680,1 млрд теңге. (2017 жылы 231,9 млрд тг)
Әлемдегі ірі газ конденсаты орындарының бірі Қарашығанақтағы кенді өндірумен айналысатын мұнай-газ компанияларының бірлестігі. Бірлестіктің 29,25 пайыз үлесі «Royal Dutch Shell plc» компаниясына (Нидерланды, Ұлыбритания), 29,25 пайызы – «Eni» (Италия), 18 пайызы – «Шеврон» (АҚШ), 13,5 пайызы – «Лукойл» (Ресей), 10 пайызы – «ҚазМұнайГаз» (Қазақстан) компанияларының меншігінде.
3. «Маңғыстаумұнайгаз» – 372,6 млрд теңге (2017 жылы 188 млрд тг)
Компания мұнай мен газдың 15 кенішінде жұмыс жасайды. Негізгі өнідірістік нысандарының қатарында «Қаламқас» пен «Жетіпай» кеніштері бар. Кәсіпорын 99 пайыз акцияларының иесі – Mangistau Investments B.V. (Нидерланды).
4. «Өзенмұнайгаз» – 194 млрд теңге (2017 жылы 76,2 млрд тг)
«ҚазМұнайГаз кен барлау» компаниясының еншілес кәсіпорны. Өзен, Теңге, Қарамандыбас кен орындарында жұмыс жасайды.
5. «Ақтөбемұнайгаз» – 180,8 млрд теңге (2017 жылы 90,4 млрд тг)
Қызметі – Жаңажол, Кеңқияқ, Солтүстік Трува кен орындарында мұнай өндіру.
6. «Ембімұайгаз» – 145,7 млрд теңге (2017 жылы 66,3 млрд тг)
«ҚазМұнайГаз кен барлау» компаниясының еншілес кәсіпорны. 33 кен орнына ие.
7. «Қаражанбасмұнай» – 112,1 млрд теңге (2017 жылы 39,8 млрд тг
Маңғыстау облысы Бозашы түбегіндегі «Қаражанбас» кен орнында мұнай өндіреді.
8. «Қазгермұнай» – 108,5 млрд теңге (2017 жылы 63,4 млрд тг)
Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсай кендерінде жұмыс жасайтын «ҚазМұнайГаз кен барлау» компаниясының еншілес кәсіпорны.
9. «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» – 103,6 млрд теңге (2017 жылы 33,2 млрд тг)
Қашаған, Қаламқас-теңіз, Қайран, Ақтоты, Оңтүстік-батыс Қашаған сынды бес кен орнынан мұнай өндіретін Каспийдің солтүстігіндегі жоба.
10. «Аджип Қарашағанақ Б.В.» – 87,1 млрд теңге (2017 жылы 59,7 млрд тг)
Қарашығанақ кенінде жұмыс істейтін компания.
11. «Джей Ти Ай Қазақстан» – 83,2 млрд теңге (2017 жылы 68,7 млрд тг)
Халықаралық «Japan Tobacco International» темекі компаниясының филиалы. Фабрикасы Алматы облысында орналасқан.
12. «Би Джи Қарашығанақ Лимитед (Ақсай) филиалы – 77,6 млрд теңге (2017 жылы 69,5 млрд тг)
Қарашығанақтағы мұнайды өндіруге қатысатын жобалардың бірі.
13. «Филип Моррис Қазақстан» – 76,2 млрд теңге (2017 жылы 67,4 млрд тг)
Халықаралық «Philip Morris International» темекі компаниясының филиалы.
14. «Қазцинк» – 72,2 млрд теңге (2017 жылы 88,4 млрд тг)
Мыс рудасы, бағалы металл мен қорғасын өндіру, өңдеумен шұғылданатын компания.
15. Корпорация «Қазақмыс» – 60 млрд теңге (2017 жылы 33,5 млрд тг)
Тау кен, металлургия саласындағы ірі компания.
16. «Каспий мұнай» – 55,8 млрд теңге (2017 жылы 29,6 млрд тг)
Айранкөл кен орнында жұмыс істейтін мұнай компаниясы.
17. Халық банкі – 51,9 млрд теңге (2017 жылы 51,5 млрд тг)
Акциясының 74,5 пайызы «Алмэкс» холдингтік тобына, 15,7 пайызы – «The Bank of New York», 6,11 пайызы – біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі.
18. «Қазхром» – 50,1 млрд теңге (2017 жылы 98,4 млрд тг)
Ақтөбе, Павлодар, қарағанды облыстарында хром шикізаты мен ферроқорытпа өндіретін компания.
19. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» – 43,5 млрд теңге (2017 жылы 23,2 млрд тг)
«ПетроҚазақстан» тобына кіретін мұнай компаниясы.
20. «Шеврон Интернэшнл Петролеум Компани» филиалы – 42,8 млрд теңге (2017 жылы 42,1 млрд тг)
«Chevron Corporation» компаниясының филиалы.
21. «Матен Петролеум» – 41,1 млрд теңге (2017 жылы 12,5 млрд тг)
Атырау облысында бірнеше кен орнында жұмыс істейтін мұнай компаниясы.
22. «Қазақтелеком» – 40,2 млрд теңге (2017 жылы 39,5 млрд тг)
Қазақстанның телекоммуникациялық компаниясы.
23. «ЛУКОЙЛ Оверсиз Қарашағанақ Б.В.» филиалы – 40,2 млрд теңге (2017 жылы 31,2 млрд тг)
24. «Қазақстан темір жолы» – 36,6 млрд теңге (2017 жылы 23,6 млрд тг)
«Самрұқ-Қазына» қорына қарайтын Қазақстандағы теміржол желісінің ірі операторы.
25. «KAZ Minerals Bozshakol» – 36,1 млрд теңге (2017 жылы 5,8 млрд тг)
Павлодар облысындағы ашық типтегі мыс кеніші.
26. «ҚазТрансОйл» – 35,9 млрд теңге (2017 жылы 33,1 млрд тг)
Ішкі нарық пен экспортқа мұнай тасымалдаушы компания.
27. «KAZ Minerals Aktogay» – 31,7 млрд теңге (2017 жылы 17,4 млрд тг)
Ақтоғай – ашық типтегі ірі мұнай кеніші.
28. «Altyntau Kokshetau» – 31,6 млрд теңге (2017 жылы 18 млрд тг)
Ақмола облысында алтын рудасын өндіретін тау кен байыту комбинаты.
29. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы – 31,5 млрд теңге (2017 жылы 6,6 млрд тг)
Мұнай-газ саласындағы барлау, өңдеу, тасымалдаумен айналысатын жетекші компания.
30. «КМГ Қарашаганақ» – 30,7 млрд теңге (2017 жылы 23 млрд тг)
«ҚазМұнайГаз»-дың еншілес компаниясы.
31. «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» – 30,5 млрд теңге (2017 жылы 36,3 млрд тг)
Каспий аумағында мұнай-газ саласының нысандарының құрылысымен айналыысатын компания.
32. Атырау мұнай өңдеу зауыты – 30,1 млрд теңге (2017 жылы 19 млрд тг)
Мұнай өнімдерін шығарумен айналысады.
33. «АрселорМиттал Теміртау» – 29,2 млрд теңге (2017 жылы 10,6 млрд тг)
Полимер, мырыш, алюминий жабындарын, агломерат өндіреді. Темір рудасын, көмір концентратын, кокс, шойын, құрыш, құбыр және т.ю. өнліруші компания.
34. Павлодар мұнай өңдеу зауыты – 28,1 млрд теңге (28,8 млрд тг)
35. KEGOC – 28,1 млрд теңге (2017 жылы 28,6 млрд тг)
Электроэнергетикалық саладағы жетекші оператор.
36. «Соколов-Сарбай» тау кен байыту кәсіпорны – 27,4 млрд теңге (2017 жылы 36,2 млрд тг)
Қызметі – темір рудасын өндіру, өңдеу.
37. «Каспий құбыржелісі консорциумы – К» – 27,1 млрд теңге (2017 жылы 17,3 млрд тг)
«ҚазМұнайГаз»-дың еншілес компаниясы.
38. «Қазақойл Ақтөбе» – 26,7 млрд теңге (2017 жылы 43,2 млрд тг)
Көмірсутек шикізатын өндіруші қазақ-қытай бірлескен кәсіпорны.
39. «Кселл» – 26,6 млрд теңге (2017 жылы 27 млрд тг)
Activ и Kcell брендтерімен белгілі ұялы байланыс операторы.
40. «КаР-Тел» – 23,8 млрд теңге (2017 жылы 22,6 млрд тг)
Beeline брендімен белгілі ұялы байланыс операторы.
41. Kaspi Bank – 21,9 млрд теңге (2017 жылы 12,1 млрд тг)
Банк автиві 1,7 трлн теңге. 2019 жылы лондондық қор биржасы IPO-ға шығуды жоспарлап отыр.
42. «Коппер Текнолоджи» – 21,2 млрд теңге (2017 жылы 16,2 млрд тг)
«Қазан төңкерісінің 50 жылдығы» кен орнында мыс-мырыш өндіруші компания.
43. «Интергаз Орталық Азия» – 20 млрд теңге (2017 жылы 21,3 млрд тг)
Газ құбырларын тамымалдау және техникалық қызмет көрсетумен айналысады.
44. «Алюминий Казақстан» – 19,6 млрд теңге (2017 жылы 15,4 млрд тг)
Алюминий тотығы, боксит, әктас, қиыршық тас, галлий, альюминий сульфатын өндіруші компания.
45. «Қытай мұнай инженерлік-құрылыс тобыный еншілес компаниясы» – 18,8 млрд теңге 2017 жылы (5,6 млрд тг)
Мұнай-газ саласындағы инженерлік құрылыспен айналысады.
46. «ҚАЗАҚТҮРКМҰНАЙ» – 18,7 млрд теңге (2017 жылы 10,6 млрд тг)
Мұнай мен ілеспе газ өндіруші компания.
47. «Богатырь Көмір» – 18,4 млрд теңге (2017 жылы 15,1 млрд тг)
Екібастұзда орналасқан көмір өндіруші компания
48. «Қазтеміртранс» – 17,5 млрд теңге (2017 жылы 5,9 млрд тг)
Жүк вагондары паркі.
49. «Эфес Казақстан» – 17,5 млрд теңге (2017 жылы 15 млрд тг)
Сыра өндіруші кәсіпорын.
50. Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – 17,2 млрд теңге (2017 жылы 15,9 млрд тг)
Елдегі барлық зейнетақы қорларының басын қосып, 2013 жылы құрылған қор.