АЕК пен паспорт құны қанша?

0
43

Жаңа жылдан бастап АЕК (айлық есептік көрсеткіш) өткен жылға қарағанда 120 теңгеге көбейіп, 2 525 теңгеге тең болды.
Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж сомасы 0,2 АЕК-ті құрап, 505 теңге болды.
Төлқұжат рәсімдеу үшін 8 АЕК, яғни 20 200 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж төлегеніңіз туралы түбіртек қажет. Астана, Алматы, Ақтөбе мен Шымкент тұрғындары қосымша ақы төлеп, төлқұжатты жеделдетілтен тәртіпте ала алады.
Ал жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу туралы куә­ліктің (техпаспорт) әрқайсысы 3157 теңге тұрады.
Туу туралы куәлік пен неке қию туралы куәлікті қай­та алу үшін 2 525 теңгеден төлеу керек.

Жауап қалдыру