Ақындар Астананы жырға қоспақ

0
20

Үстіміздегі жылғы 29 маусымда Қазақстан Жазушылар Одағының ғимаратында Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының  20 жылдығына арналған «Ел ордасы – Астана» атты қалалық ақындар айтысын өткізеді.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ұлттық айтыс өнерін дамыту, жастардың қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне деген ықыласын арттыру мақсатында үйымдастырылып отырған мүшайраға Алматы қаласының әр ауданынан 16-30 жас аралығындағы 2 ақын қатысады.

Құрметті қонақ ретінде мемлекеттік мекемелердің ресми өкілдері, зиялы қауым, ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ өкілдері, әдебиет сүйер қауым, студент  жастар мен оқушылар және т.б. көрермендер шақырылмақ.

Айтыскерлер Астананың 20 жылдығы, Астананың бас сәулетшісі – Елбасы, Мәңгілік ел, Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, Алматы – руханият орталығы тақырыптарында айтыстың барлық түрлерін қолдана отырып өнер көрсетеді.

Айтысқа қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың суырыпсалма өнеріне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, сахна мәдениетіне, ұлттық киім үлгісіне баса назар аударылады.

Айтыстың жүлдегерлері мен қатысушылары арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Альбина ТУЛАКОВА

Жауап қалдыру