2019 жылы күшіне енген 19 өзгеріс

0
45

1. Ең төменгі жалақы 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсті.
2. «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы» қабылданады.
3. Мемлекеттік қызметтің 80%-ы электронды форматта көрсетіледі.
4. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен 20%-ға көбейеді.
5.1 қыркүйектен бастап 90 мың мұғалімнің жалақысы артады.
6. Тіркелмеген sim-карталар істен шығарылады.
7. Жалақысы 25 АЕК-тен (63 125 теңге) төмен азаматтар үшін жеке кіріс салығы 10 есе төмендетіледі.
8. 340 миллиард теңге қарызы бар 90 мың кәсіпкерге салық амнистиясы жүргізіледі.
9. Әйелдердің зейнет жасы 59 жасқа дейін ұлғаяды.
10. Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі көлемі – 16 037 теңге болып бекітілді.
11. Ең төменгі зейнетақы көлемі – 36 108 теңге болады.
12. Жаңа жылдан бастап Қазақстанда энергетика саласы үшін жаңа тарифтік әдіснама енгізіледі, сөйтіп, электр жарығы мен тауарлық газ тарифтері төмендейді.
13. 16 жасқа дейінгі балалардың шетелге шыққанда жеке төлқұжаты болуы міндетті.
14. Техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісі енгізіледі. Ол кредиттік карта көлемімен бірдей, чипі бар, жүргізуші куәлігі мен жеке куәлікке ұқсайды.
15. Автокөлік иелері үшін онлайн сақтандыру енгізіледі.
16. Сақтандыру полисі жоқ жүргізушілерге айыппұл салынбайды.
17. Еңбек кітапшалары электронды болады.
18. Темекі қымбаттайды.
19. Күнкөріс минимумының шамасы – 29 698 теңге болады.

Жауап қалдыру