«Уақыт Таңдауы» – «Выбор Времени» Агенттігі

«Уақыт Таңдауы» – «Выбор Времени» Агенттігі республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің бірқатар жобаларды бірлесіп жүзеге асыратын серіктес құрылымдардың бірі. Бұл құрылымдардың арасындағы іскерлік байланыстар өзара бекітілген Меморандум арқылы жүзеге асырылады. Меморандумға сәйкес тараптар Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларында Жылдың үздік аталымдары бойынша байқау жүргізуге келісті.

Бірлескен жоба бойынша жеңімпаздар «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында, Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында, «Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» талаптарында көзделген міндеттерді жүзеге асыруға қосқан үлесі бойынша анықталады.

Үміткерлер кандидатураларын ұсыну бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Меморандумға сәйкес жеңімпаздарды анықтау тараптар өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Аталымдарға ұсынылған заңды және жеке тұлғалардың құжаттарын Агенттік қабылдайды. Түпкілікті шешімдер қабылдау редакция өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Байқау жылына негізінен екі рет, Тәуелсіздік күні мен Наурыз мерекесі қарсаңында өткізіледі. Жеңімпаздар туралы деректер газет бетінде және ақпараттық сайттарда жарияланады. Жеңімпаздарға арнайы үлгідегі Сертификат тапсырылады.