«Жылдың үздік әншісі» –

0
585

Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН

Қазақ халқын бүкіл әлемге танытқан әйгілі әнші Димаш Құдайберген (толық аты-жөні – Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген) 1994 жылы 24 мамырда, Ақтөбе қаласында танымал әншілер Қанат Айтбаев пен Светлана Айтбаеваның отбасында дүниеге келген.
Димаш Құдайберген Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылардың «Славян базары–2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қа­зақстан халқының бірлігін нығайтуға ла­йықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Рес­публикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы.
Димаштың ата-анасы Димаштың әкесі Қанат Айтбаев – облыстық филармонияның бас­шысы, анасы Светлана Айтбаева – об­лыстық маслихат депутаты. Димаштың ата-әжелері де музыкант адамдар. Бірі дом­бырада ойнаса, екіншісінің ән айтуға бейімі мол. Димаштың Раушан атты қарындасы, Мансұр атты інісі бар.
Димаш Құдайберген алты жасында «Айна­лайын» Республикалық байқауының «Фор­тепиано» номинациясында жеңімпаз атанған. 2010 жылы «Байқонырдың әсем дауыстары» Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы «Жас қанат» республикалық жас ән орындаушылар бай­қауының Гран-при жүлдесіне ие болды. 2012 жылы «Восточный базар» Халықаралық бай­қауында І жүлде алып, лауреат атанды. Бір жылдан соң, «Мейкин Азия» І Халық­ара­лық фестивалінің жеңімпазы болып жұлдызы жанды.
2014 жылы Ақтөбе қаласында А.Жұбанов атындағы Музыкалық колледжінде «акаде­миялық ән орындау» факультетін бітіріп, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «эстрада өнері» факультетіне түсті.
Димаштың нағыз әнші ретінде Витебск қаласында XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылардың «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған соң танылды. Екі күн ішінде, жас әнші 175 ұпай жинаған. Бірінші күні ол композитор Константин Меладзенің «Тағы да бұрқасын» әнін, ал екінші күні Француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған «Sos dun terien un detresse» әнін орындады. 2015 жылы Ыстамбұлда да Димаш Құдайберген «Abu TV» Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестиваліне Қазақстан атынан алғаш рет қатысты.
Қазақстанның сүйікті әншісі Димаш Құдай­бергенов 2017 жылы «Top Chinese Music Awards» номинацияның жеңімпазы атанды. Әншінің PR-директоры Алпамыс Шәрімовтың айтуынша, Димаш «Азиядағы ең атақты әнші» номинациясын жеңіп алған. Марапаттау салтанаты кезінде Димаш SOS d’un terrien en détresse әнін орындады.
Димаш Құдайберген 2017 жылы сәуір айында Қытайдағы «Singer 2017» жобасында екінші орын алған соң халықаралық деңгейде кеңінен танылды. Ол ақтық сынақта Қытайдың әншісі Шан Венжемен дуэт болып ән орындады. Сонымен бірге ол Майкл Джексонның: Dangerous, Billie Jean, The Way You Make Me Feel және Earth song атты әндерін шырқады.
Көптеген мамандар, тіпті әйгілі музыка сыншыларының өзі Димаш дауысының 6 октаваға дейінгі ауқымына таң қалады. Бұл бас дауыстан ысқырыққа дейінгі аралықты қамтиды. Құдайбергеновтың ұстазы Марат Әйтімов: «Димаш контртенор емес, өйткені ол ноталарды мүлде төмендете алады және лирикалық тенор мен сопраноға дейін құбылта алады» дейді.
Димаш әр түрлі жанрдағы вокалдық шығармаларды әртүрлі тілдерде (қазақ, украин, орыс, ағылшын, француз, қытай және т.б.) орындайды. Мәдени іс-шараларға белсенді қатысады.
2017 жылғы 27 маусымда «Астана Арена» спорт кешенінің стадионында «BASTAU live show» атты алғашқы ірі жеке концертін өткізді. Концерт кезінде Димаш әртүрлі бейнелерде көрініс берді, домбырашылармен бірге күй ойнады, содан кейін көрермендерге гүл сыйлады.

Жауап қалдыру