«Жылдың үздік кітапханасы» –

0
78

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы
Директоры – Үмітхан МҰҢАЛБАЕВА

Қазақстан Республикасы Ұлттық акаде­миялық кітапханасы республикалық мемлекеттік мекеме болып табылады. Ол 2004 жылдың 23 сәуір күні ҚР Үкіметінің Қаулы­сымен құрылды. Бүгінде ҚР ҰАК баршаға есігі ашық қазіргі заманғы ақпараттық меке­ме. Оқырмандар игілігіне ақпараттық және сер­вистік қызметтің толық жиынтығын қосып алғанда электронды каталог, интернет пен қашықтықтағы деректер базасына қол­же­тімділік, виртуальды анықтамалық қызмет, құжат­тарды электронды жеткізу, кітаптар, газет-журналдар, мультимедиялық басылым­дардың бай топтамасы берілген. ҚР ҰАК-ның негізгі қорында бүгінде 1,5 миллионнан астам басылым бар. Оқу залдары бір мезгілде 500-ден астам оқырманды қабылдайды.
ҚР ҰАК негізгі қоры   отандық және шетелдік басылымдардан, анықтамалық, оқулық және ғылыми әдебиеттерден құралған. Қордың құрамына кітаптар, мерзімді басылымдар, аудиокітаптар, электрондық басылымдар, карталар, ноталық басылымдар, открыткалар, микрофишалар және зағип, көзі нашар көретін оқырмандарға арналған Брайл кітаптары кіреді.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында алдыға қойылған міндеттердің бірі – Қазақстанды әлемдік мәдени кеңістікке шығару тапсырмасы бойынша Қазақстан Респуб­ликасының мәдениет және спорт министр­лігінің қолдауымен ҚР Ұлттық акаде­мия­лық кітапханасы Сеул, Лондон, Берлин, Нью-Йорк қалаларында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты Қазақ­стан мәдениеті мен әдебиет форумын өткізді.
Форум аясында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталықтары ашылып, сол елдердегі жазушыларымен, әдебиетшілермен кездесулер өткізілді. Ұлттық кітапханаларға жаңа кітаптар сыйға тартылды. Форум қазақ мәдениеті мен әдебиетінің әлемдік мәдениет пен әдебиеттегі орнын анықтауға, алда қай бағытта жұмыс істеу керектігін анықтауға мүмкіндік берді.
2018 жылы Қазақстандық ұлттық электронды кітапхананы толықтыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылда Электронды каталогқа жаңадан қабылданған 15 мыңдай құжаттың библиографиялық жазбасы енгізілді. Оның ішінде – 2 мыңнан астамы әлемнің ағылшын, неміс, итальян, араб, француз, корей, әзірбайжан, белорус, болгар, қытай, қырғыз, норвей, татар, македон, түрік сияқты 35 тілдегі библиографиялық жазбалар. Кітап­хана қорына көрнекті әдебиет және ғылым қайраткерлерінің жеке топтамаларынан басылымдар түседі.
Ағымдағы жылы кітапхананың Электронды каталогына Тұрсынбек Кәкішевтың, Қуаныш Сұлтановтың кітаптар топтамасынан құжаттар енгізілді. ҚазҰЭК үшін 2200 библиографиялық жазба құрылды. Оның ішінде 50 аналитикалық библиографиялық жазба «Қазақ батырлық жырлары – Казахские героические эпосы» альбомдарының ішіндегі әр музыкалық шығармаға; 372 аналитикалық библиографиялық жазба «Қазақтың халық әндері – Казахские народные песни» жинағындағы әндер мәтініне; 563 аналитикалық библиографиялық жазба «Қазақтың халық әндері – Казахские народные песни» альбомының әрбір музыкалық шығармасына,1215 библиографиялық жазбалар кітаптың Е-көшірмелеріне жазылды.
2016 жылдан бастап Қазақстан Республика­сының Ұлттық академиялық кітапханасы Шет елдердің ұлттық кітапханаларында қазақ әдебиет орталықтарының ашылуына арналған халықаралық жобаны жүзеге асыруда.
Халықаралық жобаның мақсаты – қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, оның дәс­түрлері мен салт-дәстүрлерін, экономи­каның қазіргі заманғы мемлекетінің жетістіктерін, саясатты, әлеуметтік саланы, классикалық және заманауи проза мен поэзияның әдеби байлығын дамыту.

Жауап қалдыру