Үздік аудан әкіміне құрмет

0
170

Үстіміздегі жылғы 3 ақпанда республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газеті мен «Уақыт Таңдауы» – «Выбор Времени» Агенттігінің бірлескен жобасы бойынша «Жылдың үздік аудан әкімі» аталымына лайық деп танылған Алматы облысы Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиевке арнайы сертификат табыстау рәсімі болып өтті. Сертификатты басылымның бас редакторы, профессор Марат Тоқашбаев табыс етті.
Салтанатты шара әкім­нің аудан халқы алдын­дағы қорытынды есеп беру жиыны кезінде ұйым­дастырылды.
Бас редактор құттықтау сөзінде Қа­ра­сай ауданы Қазақ­стандағы халық тығыз орналасқан аймақ екенін атап өтіп, оның өнеркәсіп өндірісінде де облыстағы көшбасшы аймақтардың бірі екендігіне тоқталды.
– Қарасай ауданын­да 262 мың халық тұра­ды. Бұл тек тіркеуде тұрған­дар ғана. Ал өзге өңір­лерден келіп, осы жақта жұмыс жасайтындар, жер алып, үй салып, оны­сы­ның құжаттарын заңдас­­тырып үлгере алмай жүргендер, тау бөк­терін­дегі саяжайларда тұратындарды қос­қанда аудан халқы 350-400 мыңға жуық­тайды. Бұл Маңғыс­тау, Атырау сияқты облыстардың хал­қының жартысынан асады. Салыстыру үшін алып қарайтын болсақ, Ақмола облысындағы Егіндікөл ауданында бар болғаны 6500 адам тұрады екен. Сондықтан осындай үлкен ауданға басшылық жасау аса біліктілікті қажет ететін жауапты міндет. Ауданның бүгінгі жетістіктері басшылықтың осы үдеден шығып отырған­дығының көрінісі. Аудан­дағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2017 жылы 210 млрд теңгені құраған. Сол арқылы Алматы облы­сының өнеркәсіп өндіріс көле­мінің 27 пайызын аудан орындап отыр. «Жыл­дың үздік аудан әкімі» атағы Махаббат Сәдуа­қасұлының осындай ірі істерге ұйытқы бол­ған­ды­ғы еленіп беріл­ген, – де­ді қаламгер.
Бәсекеге қабілетті агро­­өнеркәсіп өндірісін да­мыту мақсатында былтыр ауыл шаруашылығы саласында тиісті шаралар қабылданды. Жалпы ауыл шаруашылық өнімдері 2017 жылы 45 млрд теңгені құраған.
Халықты жұмыспен қам­туда да көз қуан­тарлықтай көрсет­кіштер бар­­шылық. Былтыр жұ­мыс­қа орналасуға 4 мың­нан астам адам өті­ніш білдіріп, оның 3 мың 700-і жұмысқа орна­лас­тырылған.
Бұның барлығы халық­тың хал-ахуалын жақ­сар­та түсуге бағыт­талған әкім жұмыс­ының бір парасы ғана.

Меліс СЕЙДАХМЕТОВ,
«Президент және Халық»

Жауап қалдыру