Владимир Путин сайлауда жеңіске жетті

0
72

Ресей Президентінің сайлауында Владимир Путин 76 пайызбен жеңіске жетті. Бұл туралы көрші елдің Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді. Бұған дейін үш мәрте Ресейді басқарған саясаткер мұндай көп дауысты алғаш рет алды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша Владимир Путинге ресейліктердің 76 пайызы дауыс берді.
Ресей аумағында сайлау күні 97 мыңнан аса дауыс беру учаскесі ашылды. Бұдан бөлек, шетелде жүрген азаматтар үшін әлемнің 145 мемлекетінде 401 учаске және жұмыс істеді. Ал, сайлау кезінде дауыс беру құқына ие 107 миллионнан аса электораттың 60 пайызға жуығы өз таңдауын жасады.

Жауап қалдыру