Ашаршылық құрбандарының электрондық базасы

0
24

Президент архивінің ұйым­дастыруымен еліміздегі 1931-1933 жылғы ашаршылық тура­лы материалдарды кең ауқымда жинау және қазақ халқы құрбан­дарының тізімін жасап, аштыққа ұшырағандарды ел есінде мәң­гі сақтау үшін жаңа www.asharshylyq.kz веб-сайты ашылды.
Қазақ елінің тарихындағы қасі­ретке толы беттердің бірі – 1932-1933 жылдардағы ашар­шылық апаты. Кеңестік тота­ли­тарлық жүйенің үстем­дік құр­ған шағында XX ғасыр­дың 20-30-жылдары қазақ еліне қол­дан қиянат жасалды. Оның астыр­тын құпия себеп­тері болды. Мысалы, дәстүрлі қоғамда өмір сүріп келе жат­қан қазақ халқының мал-мүл­кіне 1928 жылы тәр­кілеу жүргізді. Мұның соңы халық­тың кө­теріліске шы­ғуына, қыры­луына, одан кейін ашар­шы­лыққа ұрынып, босы­ған қазақ жұрты алыс және жақын ше­тел­дерге шұбыра кө­шіп, табанын тас тіліп, көзін қарға шұқы­ған қайғылы жағдай­ларға ұласты.
Қазақстан Республикасы Пре­зиденті архивінің бастама­сымен құрылған республикалық бірыңғай электрондық деректер базасына құрбан болғандардың аты-жөндері ғана емес, отандық және шетелдік ғалымдардың Қазақстандағы ашаршылыққа қатысты жасаған зерттеу жұ­мыс­тары, кітаптары, мақала­ларының электронды нұсқа­ла­ры енгізіледі. Сон­дай-ақ ашар­шы­лыққа байла­ныс­ты аудио, фото және бейне­мате­риал­дар топтас­тыры­лады.
Айжан САУҒАБАЕВА,
БҚО мемлекеттік мұрағатының директоры

Жауап қалдыру