Қабжаттың қаһармандығы

0
20

Халқымызда ел басына күн туған шақта ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ұлдар аз болмаған. Арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысында ержүректігімен, ұрыс жүргізу шеберлігімен көзге түсіп, жау күшін жайратқан сарбаздар жетерлік. Солардың қатарында Қабжат Тоқбергеновтың есімін ерекше атауға болады. Ол 1916 жылы Көкшетау облысы Айыртау ауданы Сарөзек ауылында дүниеге келген. 1936 жылы әскер қатарына алыныпты. Кеңес-фин соғысына қатысқан. 1941 жылы жаяу әскер училищесін лейтенант шенімен бітірген. Қабжат сұнғақ денелі, қимылы ширақ, еті тірі, мығым, «қоян-қолтық» ұрыстың нағыз кәсіпқой шебері болған.
Қабжат Ұлы Отан соғы­сында шаңғы батальон құра­ма­сында Ка­линин майда­нында жүргенде ерен ерлік­тің үлгісін көрсеткен. 155-атқыш­тар дивизиясының дербес шаңғы батальонында атқыш­тар ротасының командирі (1942-1943), дербес танк жойғыш батальонының коман­дирі (1943-1944), 54-танк бри­гадасы моторлан­дырыл­ған авто­матшылар батальоны ко­ман­дирінің сап бойынша орынбасары, гвардиялық капи­тан болған.
Қабжаттың ұрыс даласында көр­сеткен ерлік істері туралы құ­жат­намалық дәлелдер бар­шылық. Ай­талық, «Ерлігі үшін» медалі тап­сырманы тай­салмай соңына дейін орында­ғанының лайықты баға­сы ретінде берілген.
«За время преследования про­тивника с 03.03.1943г., группа бойцов Токбергенова ве­ла нас­тупательные дейст­вия на 5 населенные пунк­ты.
В боях за деревню Жилино под сильным пулеметным и артиллерийским огнем в течении 4 часов умело руководил дейст­виями наступательных групп, будучи раненым с поля боя не ушел, до тех пор пока не было выполнена поставлена задача.
Группа бойцов под коман­дованием Токбергено­ва пер­вым ворвались в де­рев­ню Кавельщино, где про­тивник старался ока­зать сопротивление нас­ту­паю­­щим частям, а груп­па тов. Токбергенова пере­било до 5 немецких сол­дат. Стар­ший лейтенант Токбер­ге­нов убил 2-х солдат. Дейст­вием группы умело руководил тов. Токбер­генов и его личный подвиг способствовал наступаю­щим частям выполнить пос­тав­ленную задачу не имея угро­зы с фланга.
Представляю тов. Ток­бер­генова к Прави­тельствен­ной награде медалью «За отвагу».
Командир старший лей­те­­нант МУХАРТОВ 29.03.1943г.». (Ре­сей Фе­дера­ция­сының Қор­ғаныс Ми­нистрлі­гінің орта­­лық мұра­ғат құжат­тары­нан).
Қабжаттың жауынгерлік «Қы­зыл Ту» орденін алғандағы ерлігі туралы да айтпай кетпеске болмас.
«В боях за наблю­да­тельный пункт Лисув, про­тив­ник огнем из артил­лерий не давал воз­можности прод­вигаться впе­ред. Ток­бергенов с небольшой груп­пой бойцов обошел деревни с левого фланга и неожиданно атаковал про­тивника, вынудив его к отступлению, а сам лично уничтожил 6 немец­­­ких сол­дат, обеспечив продви­же­ния нашим частям.
В деревне Стод против­ник контратаковал наш ба­тальон. Тов. Токбергенов несмотря на сильный огонь не отошел назад, а остался на своих позициях с двумя бойцами и огнем своего автомата задержали противника.
Когда вражеские автома­т­чики пытались взять пушки, рас­четы которых вышли из строя, тов. Токбергенов под­пустил автоматчиков на 50 мет­ров, автоматным огнем отбил противника. В этом бою тов. Токбергенов со своими солдатами уничо­жил 13 гитлеровцев.
В ночь с 16 на 17.08.1944г. тов. Токбергенов по прика­занию командования ба­тальона с группой бой­цов под сильным огнем про­тивника ворвал­ся в деревню Стодолы для вы­ручки 3 танков, остав­шихся в рас­поло­жении противника. Тов. Токбергенов захватив вражеский ручной пулемет из него сам лично уничтожил 10 гитлеровцев.
Благодаря умелому руко­водству и решительным дей­ст­виям тов. Токбер­ге­нова батальон выполнил поставленную задачу.
Достоин Прави­тельст­венной наг­рады ордена «Крас­ного Зна­мени».
Командир МБА гвардий ка­питан Ашихмин 20.08.1944г.». (Ресей Феде­рация­сының Қор­ғаныс Министрлігінің орта­лық мұ­ра­ғат құжаттарынан).
Тоқбергеновтың 1942 жы­лы көр­сеткен ерлігі туралы әскери публицист И. Эренбург «Біздің жол – тек алға» атты мақала жазған. Өзінің әскери һәм кәсіби шеберлігімен 1943 жылғы 11 қыркүйекте капитан Тоқбергенов танкіге қарсы жойғыш отрядтың командирі болып таға­йындалады.

Қабжаттың майдандағы жан­кештілігі ескеріліп, «Отан соғысы» орденімен марапат­талған.
«Капитан Токбергенов учас­тник Отечественной вой­ны с первых ее дней.
В боях на Калининском фронте награжден медалью «За отвагу», трижды ранен. Боевые действия Токбер­генова в 1942 г. описаны писателем И. Эренбург в статье «Наш путь один – вперед».
11.09.1943 г. капитан Ток­бер­генов назначает­ся ко­ман­диром противо­тан­ко­вого истре­бительного от­ряда дивизий. В боях с немец­кими оккупантами он показал себя смелым и отважным офицером.
13.09.1943г. под дерев­ней Новоселовка Полтав­ской об­лас­ти капитан Ток­бергенов уме­ло орга­низовал уничожение тан­ков противника. Его бойцы под­бивают и поджигают 3 не­мецких танка и унич­тожают 20 солдат неприятеля, далее отряд форсировав реку Днепр поджигают и уничтожают 1 легковую, 1 самоходную 20 мм. пушку и до 50 человек.
27.10.1943г. капитан Токбер­генов лично с груп­пой крас­ноармейцев оп­рав­ляются в раз­ведку в ра­йон высоты 206.9, где нео­жиданно встречается с группой немцев в коли­честве 40 солдат и офицеров и вступают с ними в бой и лично гранатой взрывает 3 немецких солдата.
05.11.1943г. Токбергенов ру­ководит истребительным отря­дом по штурмованию высо­ты 206.9, где в бою получает контузию.
За проявленную личную храбрость и смелость в боях по уничтожению живой силы и техники противника представляю капитана Ток­бергенова к ордену «Оте­чественной войны» 2-й сте­пени.
Начальник штаба дивизий полковник Бородавкин 13.11.1943 г.». (Ресей Феде­ра­циясының Қор­ғаныс министр­лігінің орталық мұрағат құжат­тарынан).
Қабжат танк бригада­сын­дағы автоматшылардың мо­то­батольонына басшылық жасады. Олар танктерді таса­лай жүріп талай шабуылға шық­ты.
Танктер өте алмаған жерлерге К.Тоқбергеновтың автоматшылары өтіп, жауға оқты қардай борататын. Танкистер шамалы уақыт резервте болған кезде, батальон Висла өзенінен өтіп, жаудың бекінісін басып алды. Жаңа танктер қабылдаған бригада тың күш­пен алдағы шабуылдарға дайындалды. Ұрыс 1945 жылдың 12 қаңтарында басталып, Сандомир бекінісінде жүргізілген 107 минуттық артиллериялық әзірліктен кейін шабуылға шықты. Бұл шабуылда батальон командирі Қабжат Тоқбергенов бір топ автоматшыларымен алғы шепте болды. Келесі күні Чарна өзенінен өтуге тура келді. Бұл шағын өзен болғанымен танктердің өтуіне едәуір кедергі жасайтын еді. Алдымен жау күштерін осы деревнядан қуып шығу керек болатын. Бұл міндетті Кабжат Тоқбергенов бастаған автоматшылар ойда­ғыдай орындап, ерекше асқан ерлік көрсетіп, көзге түсті. Осы шайқаста батальонға шебер басшылық жасаған гвардия капитаны Кабжат Тоқбергенов ұрыс барысында өз жауынгерлеріне үлгі көрсетті.
54-гвардиялық танкистер бри­гадасына жүктелген кезекті жауынгерлік тапсырма – Польшаның оңтүстігінде орна­ласқан Ченхстохова қаласын азат ету болатын. Он­да көптеген кәсіпорындар мен транспорт­тық тораптар шоғырлан­ды­рыл­ған еді.
1945 жыл 16 қаңтар таңғы сағат алтыда бригада жауынгерлері Пилица өзенінің Радошевница деревнясы тұсынан өткен танкистер мен автоматшылардан тұратын бес қаруы сай фашист жендеттеріне қарсы шабуылға шықты. Әдеттегідей батальон командирі алда келе жатқан танкте болатын. Бұл жаудың ту сыртынан өтіп кетуге жасалған амал еді. Арада екі сағат уақыт өткенде қалаға барлық бригада келіп жетті. Қалада жаудың екі мыңға жуық солдаты мен офицері болатын. Олар жанталаса қарсылық көрсетті. Дегенмен бригада жауынгерлері бұл қарсылықты тойтара отырып, жаудың алты минометін, көптеген автоматшылар мен көліктерді, 158 адамды қолға түсіріп, тұтқындады.
Бригаданың осындай ерлік­терінің арқасында жау қала­дағы фабрикалар мен зауыттарды, су құбырлары мен электр стансаларын істен шы­ғаруға үлгере алмады.
Жауға қарсы ұрыста көзге түскен жауынгерлерді награ­даға ұсыну жөнінде бұйрық берілді. 3-гвардиялық танк армиясының командирі, Совет Одағының екі мәрте батыры, танк әскерінің гвардия генерал полковнигі Т.С. Рыбалко наградаға ұсынылғандар жөнінде: «Польшада көптеген ерлігі үшін әсіресе Ченстохова қаласын азат етуге белсене қатысқаны үшін гвардия капитаны Қабжат Тоқбергенов үкіметтің жоғарғы наградасына лайық» деп атап көрсетті.
Қабжат өмір мен өлімнің арасында жүріп 5 рет (27.06.1941., 20.09.1941.,08.03.1943.,05.11.1943., 15.04.1945.) жараланған.
1945 жылдың 19 қантарын­да мотобатальон атқыш­тар командирі, гвардия­лық ка­питан Ашихмин, 20 қаң­тарында 54-гвардиялық танк бригадасының командирі, гвар­диялық полковник Чугунков Қабжат Тоқбергеновты Совет Одағының Батыры атағына ұсынады. Бірақ 7-гвар­диялық танк корпусының командирі генерал-майор Иванов, 3-гвардиялық танк армиясының (қолбасшысы генерал-полковник Рыбалко, әскери совет мүшесі генерал лейтенант Мельников), 1-Украин майданының (қолбасшысы Совет Одағының Маршалы Конев, әскери кеңес мүшесі генерал-лейтенант Крайнюков) басшылықтары Ленин орденіне ұсынғандары бойынша СССР Жоғарғы Советінің Президиумы сол жылдың 23 сәуірде осы орденмен марапаттайды.
Совет Одағының Батыры атағына ұсынған кезде Қабжаттық асқан ерлігі туралы айтылады.
«Войдя в прорыв батальон автоматчиков десантом на танках следуя передовым отрядом, стремительно продвигался вперед, сокрушая на своем пути вражеские узлы сопротивления, уничтожая живую силу и технику.
На 2-й день успешного сопротивления батальон следуя в передовом отряде не доходя 1км. до населенного пункта Нагловине, следуя в головном танке спешно атаковал противника справа. Быстрота и правильное решения, оперативность Токбергенова обеспечили выполнение боевой задачи.
В этом бою ворвавшись в населенный пунк, тов. Токбергенов лично уничтожил 20 гитлеровцев. Продолжая дальнейшее движение вперед, Токбергенов с группой автоматчиков первым ворвался в г. Мстув, лично в бою с гранатой он уничтожил расчет пулемета 16 человек, далее с пятью автоматчиками захватил мост через реку Варта, не дал противнику взорвать его, чем обеспечил стремительное наступление танков на г.Ченстохова.
Преследуя отступающего противника Токбергенов со взводом автоматчиков также первым ворвался в г. Ченстохова с северо-восточной окраины и атаковал противника.
Взводом истребил до роты гитлеровцев разбил при этом 6-ти ствольный вражеский миномет 6 автомашин с боеприпасами и военным имуществом, взял в плен 150 немцев, что обеспечило быстро продвижение главных сил батальона к центру города.
17.01.1945 г. батальон получил задачу сломить сопротивление противника и очистить город полностью. Обходным маневром на одном танке с пятью автоматчиками Токбергенов ночью прорвался в расположение противника и принял неравный бой. Окруженный двумя «Пантерами» и до 150 гитлеровцев он более часа вел неравный бой. За 2 дня боев за г. Ченстохова Токбергенов с автоматом и рукопашной схватке уничтожил до 100 гитлеровцев.
Тов.Токбергенов достоин присвоения звания ГЕРОЙ СОВЕТСКОГО СОЮЗА.
Командир МБА гвардий капитан АШИХМИН 19.01.1945г.». (Ресей Феде­ра­циясының Қорғаныс Минист­рлігінің орталық мұра­ғат құжаттарынан).
Қабжат Тоқбергенов «Ленин», «Жауынгерлік Қызыл Ту», 2-дәрежелі «Отан соғы­сы» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және көптеген медальдармен марапатталған. 1943 жылдан капитан Қабжат Тоқ­бергеновтің жеке өзі 3 жыл ішіндегі ұрыстарда 300-ге тарта фашисті жер жастандырған, 4 минометті, 7 пулеметті жойған.
Алда әлі талай ұрыстар болды. Бригада жауынгерлері Берлинге шабуыл жасап, осы жабуылдарда бригада жауынгерлері ерекше ерлік көрсеткен. Көтеріліске шыққан Прагаға көмекке барған.
Қабжат Тоқбергенов туралы неміс жазушылары Г. Похе мен Г.Олига «Түн көрпесі түрілгенде» кітабында, майдандас досы Н.Кольяда «Под командой капитана К. Тогбергенова» очеркін жазды.
Қабжат Тоқбергенов 46 жас­қа қараған шағында 1961 жылы 28 желтоқсанда дүние­ден озды.

Қайрат ҚАРАМАҢДАЕВ,
Құрлық Әскерлері Әскери институты гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы,
бауыржантанушы.

Жауап қалдыру