Джоан Роулинг

0
376

«Бақыт құсының» қонар шағын ешкім білген емес, білмейді де. Алайда бір анық болса, ол – өмірдегі уақытша қиындықтарға налуға әсте болмайтындығы. Тағдырдың сан сынағынан сағы сынбай, ақыры өз жолын тапқан, кәсібін дөңгелеткен, байлыққа, арманына қол жеткізген жандар бұл әлемде баршылық. Солардың бірі – әйгілі жазушы Джоан Роулинг.
Джоан Роулинг бү­гінде жазушылар­дан шыққан ал­ғаш­қы миллиардер, Ұлыбри­та­ния­ның ең дәулетті адам­дарының бірі, кезекті туындысын миллиондаған адам тағатсыздана күтетін әрі кі­таптары алғашқы күндердің өзін­де миллиондаған дана­мен сатылатын бақытты қалам­гер. Тек ол бұған бірден жә­не оңай жете қоймапты.
Роулинг 1965 жылы 31 шілдеде Англияның Йейт граф­тығында туған. Бала кезінен Джессика Митфорд, Чарльз Дик­кенс, Джон Толкин­нің кі­тап­тарын сүйіп оқып, фан­тас­­тикалық әңгіме­лер жазу­ға құмар болған.

Гарри Поттер кітабінің бірінші басылымы.

Балалық шағын көп адам­дар ең шуақты, қызықты кезең ретінде еске алады. Ал Роу­линг өмірі керісінше. Оның анасы қатерлі сырқатқа ұшы­раған. Әкесімен арақа­тынасы қиын болған. Бүгінде олар мүлде араласпайды. Сұқбат­тарының бірінде Роулинг балалық шағында өзін бақытсыз сезінгенін айтады. Орта мектептен кейін Эксетер университетін француз және классикалық филология мамандығы бойынша тә­мәмдап, ғылыми орталықта хатшы қызметін атқарады.
1990 жылы Роулинг Манчестерден Лондонға кетіп бара жатқанда поезд бұзылып, жолда 4 сағаттай тұрып қа­ла­ды. Бір сәтте қайдан екені беймәлім, Роулингтің ойы­на қара шашты 6 жасар си­қыр­шы бала туралы оқиға­лар желісі бірінен соң бірі келе бастайды. Үйіне келісімен ойын қағазға түсі­реді. Осылайша Гарри Поттер туралы алғашқы кітап жазыла бастайды.
Алайда бұдан кейін орын алатын оқиғалар Роулингті есеңгіретіп, кітап жазу ісі жайына қалады. Алдымен сол жылы ұзақ уақыт ауырып, алжып, ешкімді танымай қалған анасы өмірден өтеді. Екі жылдан кейін тұрмыс құрып, онысы сәтсіз аяқталады. Ол үнемі күйеуінен зәбір көрген екен. Үйленгендеріне енді бір жылдан асқанда өлімші етіп сабалған Роулинг сол кеткеннен күйеуіне қай­тып оралмаған. Баласымен жал­ғызілік қалған әйел жәрде­мақыға күнелтеді. Баста­ған романын аяқтап, қалам­ақыға күнелтуден үміт­тенеді. Тіпті кейде өз-өзіне қол жұмсау туралы ой келгенін де жасырмайды.
1995 жылы кітапты жазып бітіп, оны бастырудың қа­мына кіріседі. Ескі жазу машинасында терілген романды басуға құлық танытушылар тез табыла қоймайды. Роулинг 12 баспахананың есігін сығалап, бәрінен «жоқ» деген жауап алады. Ақыры бір жылдан кейін «Bloomsbury» баспаханасы кітапты шығаруға келісіп, Роулингке аванс ретінде 1500 фунт беріліпті. Осыдан бастап оның тасы өрге домаласын кеп. Атақ та, абырой да, байлық та бірінен соң бірі келе бастайды. Бүгінде жазушы 450 млн-нан астам данамен сатылған

Гарри Поттердің ролің сомдаған Дэниел Рэдклифф.

Гарри Поттер туралы 8 кітаптың авторы. Олардың табыстылығы бірінен бірі өтеді. Ең көп сатылатын кітаптардың көшін бастап тұрған туынды әлемнің 67 тіліне аударылған. Кітап бойынша түсірілген фильмдер кассалық түсім жөнінен әлемдегі үздіктердің қатарында. Оның адамзатқа жасаған ең үлкен ізгі ісі – балалардың кітап оқуға қы­зы­ғушылығын қайта оятуы. 2001 жылы екінші рет тұрмыс құрған Роулинг бүгінде ересектерге арналған бірнеше роман жазуда.
Кейде өмірде сәтсіздік­терден салымыз суға кетіп жататын кездер болады. 30 жыл бойы қиындықтың талайын көрсе де арманына адаспай қол жеткізген Роулинг сияқты табанды, ерік-жігері мол жандардың өмірі сон­дай сын сағаттарда рух берері сөзсіз.

Төрткен ҚЫЗЫЛЖАР

Жауап қалдыру