Насихаттық топ серпіні

0
74

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау шаралары жалғасуда. Осы мақсатта құрылған ақпараттық-насихат топтарының жүзеге асырған істерінің бірі Атырау облысының Мақат, Жылыой аудандарында болып өтті.
Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдас­тыруымен аудандық балалар кітапханасында және Х.Санбаев атындағы орта мектепте облыстық ақ­па­раттық топпен өткен кездесуге ауыл ардагерлері, ха­лық қалаулылары мен жас­тар қатысты.
Кездесуде топ жетекші­с­і, об­лыс­тық мәдениет, архив­тер және құжаттама бас­қар­ма­сы басшысының орын­басары Азамат Жолаев Жолдаудың басым бағыт­тарын жүзеге асыру бары­сын­дағы 10 міндетке тоқ­талды. Ал, Ұлттық Банкі­нің Аты­рау облыстық филиал ди­ректоры Айнұр Көшер­бае­ва қаржы секторын қайта жаң­ғыр­ту жөнінде сөз қозға­ды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыстық филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мақат аудандық бөлім басшысы Мейрамгүл Кеуелова «жалқы терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыру жөнінде әңгіме өрбітті. Бұл өз кезегінде «бір өтініш» қағидаты бойынша кешенді мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік бермек.
Кезек бойынша жер учаскесін алу, басыбайлы баспаналы болу және «Ақылды Атырау» жобасы. «Жігермұ­най­сервис» компаниясы ұжы­мымен кез­десуде өндіріс ма­­ман­дарын қызықтарған тақырыптар не­гізінен осылар болды. Пре­зидент Жолдауын наси­хаттау мақсатында құрыл­ған Атырау облыстық ақпа­рат­тық-насихаттық топ мүше­лері кездесуде осы және өз­ге де сұрақтарға жауап бер­ді.
Айта кету керек, негізінен мұнай ұңғыларын тереңдете бұрғылауға арналған қуат­ты қондырғылар мен стан­­дарт­ты емес металл конструкциялары өн­ді­рі­сіне маманданған «Жігер­МұнайСервис» ком­па­ния­­сы отандық нарықта он сегіз жылға жуық уақыттан бері жұмыс жасап келеді. Мұнай-газ саласындағы отандық, сондай-ақ, бірлескен кәсіпорындардың тапсырыстарымен өнім өндіретін ошақтың болашаққа қойып отырған мақсаттары да зор. Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Иғалиев, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев, Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік кабинетінің директоры Ғабит Қабекенов және Мәдениет қайраткері Абат Кенжеғалиев қатысқан шарада Президент Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттер талқыға түсті.
Ақпараттық топтар қол­ға алған шаралар Жылыой ауданындағы Жылыой мұнай және газ техноло­гиялық колледжі оқушы­ларымен және «Жылыой­мұ­найгаз» мұнай-газ өн­діру басқармасының қыз­мет­кер­лерімен кездесумен жалғасты. Топ жетекшісі, облыстық кәсіподақ орта­лығының басшысы Саламат Елеманов Жолдауда адами капиталды дамытуға айрықша көңіл бөлініп отырғанына тоқталды. Ол адами капиталды жақсарту арқылы ел экономикасын 14 пайызға ұлғайтуға болатыны туралы әлемдік экономика саласындағы мамандардың дәлелдерін мысалға келтірді. Елімізде 131 жоғары оқу орнында 330 мың студент –жас білім алып жатса, олардың 27 пайызы экономистер екен. Дегенмен, Елбасы қазіргі және болашақта сұранысқа ие мамандықтарды оқытуға назар аудару қажеттігін айтып отыр. Еліміз бойынша 600 ірі компанияда жаңа технологиялар енгізілгеннен кейін мыңдаған адамдар жұмыстан қысқар­тылады. Бүгінде жұмыссыз жастардың 80 пайызының кәсіби білімі бар. Бұрынғы кезде алған мамандықтардың қазір жарамайтындығынан оларды қайта дайындау қажеттігі туындап отыр.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік универ­ситетінің профессоры Ақ­қали Ахмет тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдардан бері көрші мемлекеттерде халық арасында әртүрлі толқулар болғандығын, ал, біздің еліміздің тыныштығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы Елбасының сындарлы саясатының жемісі екендігін жеткізді. Ақпараттық топ мүшесі, облыс бойынша «Даму» қорының бас менеджері Роза Байсалихова жиналған көпшілікке кәсіпкерлікті дамыту бағы­тында қаржылай қолдау тетіктерін түсіндірді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ,
Қайрат ДҮЙСЕНБЕТОВ.

Жауап қалдыру