Желаяққа сәйгүлік мінгізді

0
118

Мұнайлы астана­да жу­ыр­да екінші дәс­түрлі марафон ұйым­дастырылды. Онда 24 жастағы Базарбай Дауталиев абсолютті чемпионы атанып, ұйым­дастырушылар ал­қа­сы­ның арнайы сыйлығы – бәйге атын иемденді.
Atyrau Marathon жарысында Қазақстанның әртүрлі қалаларынан және жақын шет елдерден барлығы 3 мың­ға жуық адам қа­тысты. 150-ден аса адам 42 шақырымды ба­ғындырса, 10 шақы­рым­дық жүгіруде 1000-нан аса ерікті тір­кеу­ден өтті. Ең таны­мал қашықтық 4,5 ша­қы­рымды 1500-ге жуық атыраулықтар жү­гіріп өтті.
Марафонның абсолютті чемпионы Базарбай Дауталиев 150 мың теңге көлемінде қаржылай сыйға, теле­дидар және Атырау облыстық ұлттық спорт түрлері фе­де­ра­циясының арнайы сы­йы – сәйгүлікке ие бол­ды.
Atyrau Marathon ұйым­дастыру алқасы атап өткендей, арнайы сый кез­дейсоқ таңдалған жоқ. Бұрын жылқы малы қазақтардың тұрмыстық өмірінде ерекше орын алған. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың айтуынша, жүлде чемпионның рәмізі мен ерік-жігерін білдіреді. Кез келген ат марафонның қашықтығын тоқтаусыз жеңе алмайды.
Atyrau Marathon – 2018 марафонының құр­метті қонақтары ре­тінде жеңіл атлет, спринт­тан КСРО рекордшысы – Әмин Тұяқов, үз­дік марафоншы, Азия­ның, Африканың, Авст­ралияның және Аме­риканың ең ірі шөлдерін жүгіріп өткен адамзат тариxындағы алғаш атлет – Марат Жыланбаев, сондай-ақ Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның қола жүлдегері, Әлем чем­пионатының қаты­су­шысы – Александр Романов шақырылды.
Жеңіске деген жігері үшін паралимпиадашы­лар Ерлан Казиев және Кенгес Көниевке арнайы сыйлық тапсырыл­ды. Жарыстың ең үлкен қатысушысы 71 жас­тағы зейнеткер Бекет Қады­ралин болды.
Исатай ЕРЖАН

Жауап қалдыру