Юлия Галышева – қола жүлдегер

0
129

Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан олимпиадада жерлестеріміз құ­ра­ма қоржынына алғашқы қоланы салды.
Әйелдер арасындағы фристайлдың могул түрінен қазақстандық Юлия Галышева финалда 77.40 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Бұл сында алтынды фран­циялық Перрин Ляффон, күмісті канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант жеңіп алды.
Медаль ұтуы бек мүмкін делінген Рейхерд пен Павел Колмаков үздік ондық­тың қатарынан табылды.
Қысқы спорт түрлерінің оң жамбасы­мызға келе бермейтіндігін ескерсек, спорт­­­­шы­лар­дың көрсеткішін сәтті деп те, сәтсіз деп та айта алмаймыз. Өйткені о баста күтілген нәтиже осы шама-тұғын. Дей тұрғанмен, алғашқы қола соңғы медаль болмайтынына үміттенеміз.
Төрткен ҚЫЗЫЛЖАР

 

Жауап қалдыру