Веложарыс мәресіне жетті

0
137

30 көкек күні Атырауда «Bike Ride Atyrau – 2018» қайырымдылық веложарысы болып өтті. Шара даңқты велошабандоз Александр Винокуровтың қоғамдық қоры мен Атырау спортын дамыту мен қолдау қоғамдық қоры және Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Атыраудың орталық көшелерінде өткен вело­жарысқа 1500 тұрғынмен қатар олимпиада чемпиондары – Александр Винокуров пен Илья Ильин қатысты.
Шараға арнайы кел­ген Атырау облысы әкі­мінің орынбасары Сағын­дық Лұқпанов атал­мыш жарыс өңірдегі велос­порт­тың дамуына серпін беретіндігін айтты.
Ұйымдас­тырушы­лар­дың айтуынша, о баста додаға 900 қатысушы онлайн тіркелген. Артынша жарысқа қатысуға ниет­тілер қатары артып, 600 адам жарыс бас­таларда драма театр алдындағы сөреде қо­сымша тіркел­ген. Бұл аты­рау­лық­тардың бұқа­ралық спорт­қа ерекше құлшы­ны­­сын білдіреді.

Веложарыс оны қол­дауға астаналық «Astana Pro Team» командасының келуімен ерекшеленді. Шара барысында кәсіп­қой велокоманданың 4 коллекциялық велосипеді мен аксессуарлары ойнатылды.
Сұлтан Бейбарыс ала­ңын­дағы мәреге елден бұрын жеткен жеңім­паздар бес аталым бо­йынша марапатталды. Жа­сы ең үлкен қатысушы аталымында 66 жастағы Ғимран Ақботин, ең жас қатысушы ретінде 4 жастағы Айя Саламат мара­патталды. Алты адам­нан құралған Бисалиевтер отбасы «Спортшылар отбасы» аталымын жеңіп алды. Ең креа­тивті велосипедтің иесі Бақытжан Шайхиев бол­са, Марат Наурыз­ға­лиевке ең креативті киімі үшін жүлде берілді. Барлық жүлдегерлер сый­лыққа велосипед алды.

Жеңімпаздарды марапаттау шарасынан кейін Сұлтан Бейбарыс алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Бағдарлама арнайы осы шараға орай жазылған әнұранмен қорытындыланды.

Айсұлу КЕНЖЕҚЫЗЫ

Жауап қалдыру