Шүменов шаршы алаңға шығады

0
20

Осы сенбіде елорда­дағы «Барыс-Аренада» кәсіпқой бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде кәсіпқой боксқа қайта оралған қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) пен түркиялық боксшы Хизни Алтун­кай (30-1, 17 КО) қол­ғап түйістіреді. Кез­десуде WBA (regular) чемпиондық титулы сарапқа салынбақ.
Бейбіт Шүменовтың PR-менеджері хабарлағандай, кештің құрметті қонақтары ретінде WBA-дің барлық басшылығы – ұйым президенті Жилберто Хесус Мендоса, вице-президент Хосе Оливер, ұйым директорлары – Джордже Мартинес, Карлос Чавес, Мариана Борисова Астанаға келеді.
Екі салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы Бейбіт жарақатына байланысты екі жылға жуық уақыт рингке шықпаған болатын. Көзіне сәтті жасалған оталардан кейін дәрігерлер жерлесімізге шаршы алаңға шығуға рұқсат етті. Қазір Шүменов Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының рейтингінде екінші, ал оның қарсыласы Алтынкая үшінші орында тұр.
Боксшылар айқасы «Qa­zaq­stan» және «Qaz­sport» телеарна­лары­нан тікелей эфирде көр­се­теді.
Бокс кешінде АҚШ-тан шақырылған арнайы қонақтар – 50 Cent пен Snoop Dogg ән шырқамақ.

Жауап қалдыру