«Пинг-понг» ханшайымы» кім болады?

0
102

 Алматыда 27-28 тамыз аралығында балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында үстел теннисінен турнир өтеді.

ҚР үстел федерациясының және ҚХР-дың Алматыдағы бас консулдығының қолдауымен «BAURZHAN Foundation» жеке қоры ұйымдастырып жатқан жарыстың жеңімпазы Қытайда болатын кәсіби жаттықтырушылардың шеберлік сыныбына жолдама алады. Турнирдің чемпионы атағы үшін Қазақстанның 14 аймағының 30 балалар үйінен 38 тәрбиеленуші бақ сынамақ. Жас спортшы қыздар 9-12 және 13-16 жас аралығында сынға түседі.

Спорт шыңын бағындырғысы келетін қыз балаларға бұл жарыстың беретіні көп. Олар өз қабілеттерін жетілдіре түсуге және басқа да қатысушылармен жарысып, жаттығу мүмкіндігіне ие болады.

Қатарынан 2 жыл өткізгелі отырған «Пинг-понг ханшайымы» әлеуметтік жобасының Қазақстанда теңдесі жоқ. Жарыстың кең етек жаю себебі ұйымдастырушылар мен қатысушылар тарапынан Қазақстан спортын жоғары деңгейге көтеру ынтасымен түсіндіріледі.

Турнир 27 тамыз күні сағат 10:00-де ҚР үстел теннисі федерациясында кәсіби спортшылардың қатысуымен баспасөз конференциясы мен турнирдің салтанатты түрде ашылуымен басталады. 28 тамыз мықтылар анықталатын сындар өтпек.

«Пинг-понг ханшайымы» – жас қыздардың спортқа деген қызығушылығын оятып, қабілеттерін ашуға көмектесіп, болашақта спорт әлемінде өздерінің орнын таба алатындай жағдай жасайтын әлеуметтік маңызы бар жоба.

Томирис Керімқұлова 

Жауап қалдыру