Несіп Жүнісбаев айтулы атаққа ие болды

0
123

9-тамыз күні Рио-де-Жанейро қаласында спорт журналисі, жазушы, спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіп Жүнісбаев Халықаралық спорт журналистері қауымдастығының (AIPS) арнайы марапатына ие болды.
Марапаттау рәсімінен кейін Несіп Жүнісбаев тілшілерге бұл сыйлықтың маңызы туралы айтып берді.
«Бұл спорт журналистеріне деген үлкен құрмет! Халық­аралық спорт журналистері қауымдастығы (AIPS) осымен екінші рет тілшілерді осындай ірі марапатпен қуантып жатыр. Біріншісі Лондон Олим­пиа­дасында өткен. Екінші рет міне, өздеріңіз көріп отыр­ғандай Рио-де-Жанейро қала­сында, тағы да Олимпиада аясында ұйым­дастырылып жатыр. Бұл Олимпиадада жеңім­паз спорт­шы­ларды қалай құрмет­тесе, спорт тілшілерін де солай құр­меттеумен тең», – деп атап өтті Несіп Жүнісбаев.
Несіп Жүнісбайұлының жет­кен жетістіктері мен атқарған қызметтері қызығарлықтай. Ол ҚР спорт комитетінің алқа мүшесі, Қазақстан Журна­листер одағының, Қазақ­стан Жазу­шылар одағының, Халық­аралық спорт журналистері қауымдас­тығының (AIPS) мүшесі, сонымен бірге Азия спорт журналистері одағының (ASPU) Атқару комитетінің мүшесі (1994-2006 жж.). Азия Олимпиадалық Ке­ңесінің (ОСА) бас­пасөз коми­тетінің мү­шесі болған тұңғыш әрі жал­ғыз журналист. Несіп Жүніс­байұлының бұдан өзге де толып жатқан атақтары бар­шылық.
Қазақ спорты тақырыбында алғаш боп қалам тербеген қа­рымды қаламгерді қуаны­шымен құттықтаймыз!

Жауап қалдыру