Ұлттық спорт түрлерінің фестивалі

0
108

Қызылордада өтіп жатқан ұлттық спорт түрлерінен фестивальдің бағдарламасы бойынша құнан, тоқ және аламан бәйге жарыстары мәресіне жетті, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Алғашқы жарыс – құнан бәйгеге 21 жүйрік қосылды. Екінші жарыс – топ бәйгеге де 21, соңғы аламан бәйгеге 22 шабандоз қатысты. Құнан бәйгеде Алматы облысының шабандозы Мейірбек Бөке­бае­втың «Риана» жүйрігі мә­ре сызығын бірінші болып кессе, қостанайлық Қуаныш Өте­геннің «Қара торғайы» екінші орынды иеленді. Үшінші орын – жамбылдық Ақиқат Мұратқанға бұйырды.
Тоқ бәйгеде: Қызылорда об­лы­сының шабандозы Диас Жеңіс­тің «Ақтанауы» бас жүл­дені иеленіп, оған жеңіл автокөліктің кілті табысталды. Екінші орынды Алматы об­лы­сы­ның «Қарлығаш» ат­ты тұлпары еншіледі. Ал, қы­зы­лордалық Талғат Ғанидің «Той­бастар» тұлпары үшінші орынға ие болды.
Еркін ӘБІЛОВ.

Жауап қалдыру